• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл

Тек полицияның күшімен тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесін шешу мүмкін емес

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу – полиция қызметіндегі маңызды бағыттардың бірі.

by Jasyn
10/05/2024
in • Зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл
0
Тек полицияның күшімен тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесін шешу мүмкін емес
0
SHARES
13
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Өткен жылы Президенттің тапсырмасымен Қылмыстық және Әкімшілік кодекстерге түзетулер енгізілді. Былтыр 1 шілдеден бастап полиция тұрмыстық құқық бұзушылықтарды тіркеудің арыз беру сипатынан анықтау сипатына көшті. Қазір әкімшілік іс нақты дерек негізінде қозғалады.

– Егер бұрын жыл сайын құқық бұзушылықтар туралы 100 мыңға жуық сигнал түскен болса, 70%-ға жуық жағдайда полиция жәбірленушілердің арыз жазудан бас тартуына байланысты шара қолдана алмайтын. Арыз беру сипатынан анықтау сипатына көшкеннен кейін зорлық-зомбылыққа ұшыраған отбасылармен профилактикалық жұмыс жанданды. Өткен жылы тұрмыстық жанжал туралы 99 мың хабарлама түскен, онда 79 мыңнан астам құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке, мыңға жуық азамат қылмыстық жауапкершілікке тартылды, – дейді бұл жөнінде департамент бастығы – ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.

Полиция әрбір отбасылық жанжал бойынша тұрмыстық зорлық-зомбылықтың қайталану қаупін бағалайды. Өткен жылдың тамыз айынан бастап 18,5 мыңнан астам отбасы арнайы сауалнамадан өтті. 884 отбасыда құқық бұзушылықты қайта жасау қаупі жоғары екені анықталды. Құқық бұзушыларға агрессияны болдырмау үшін өз еркімен психокоррекциялық курстардан өту ұсынылды.

Жәбірленушілердің қауіпсіздігі үшін учаскелік полиция инспекторлары 87 мың қорғау нұсқамасын шығарды. Полицияның өтініші бойынша соттар құқық бұзушының мінез-құлқына, оның ішінде алкогольді ішуге тыйым салуға байланысты 15 мың ерекше талап қойды. Тәртіп сақшылары мұндай азаматтарды қатаң бақылауда ұстайды. Жалпы сот шешімі бойынша қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін барлығы 2770 агрессор және мінез-құлыққа қойылатын ерекше талаптарды орындамағаны үшін 5926 құқық бұзушы қамауға алынды.

– Қабылданған шаралардың нәтижесінде қоғамда құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеу қағидаты қалыптасады. Алайда тек полицияның күшімен тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесін шешу мүмкін емес. Отбасындағы жанжалдардың негізгі себептері – маскүнемдік, адамгершілік құндылықтардың төмендеуі және басқа да қиындықтар, – деді Шыңғыс Алекешев.

Оның сөзінше, өңірлерде өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларды анықтау бойынша мобильді топтар құрылды. 2023 жылдың қыркүйек-желтоқсан айлары аралығында учаскелік инспекторлар қолайсыз жағдайдағы отбасыларға 67 343 тексеру жүргізіп, арнайы әлеуметтік көмекке мұқтаж 2349 отбасыны анықтады. 2024 жылдың қаңтар айында осындай 325 отбасы анықталды.

 

Tags: психокоррекциялық курстартұрмыстық зорлық-зомбылықШыңғыс Алекешев.
Jasyn

Jasyn

Next Post
Астанада құны 50 млн теңге болатын 10 тонна насыбай өртенді

Астанада құны 50 млн теңге болатын 10 тонна насыбай өртенді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

«Бапкерім мылтықты несиеге алып берді»: Паралимпиада ойындарының қатысушысы дайындық барысындағы қиындықтар туралы айтты

«Бапкерім мылтықты несиеге алып берді»: Паралимпиада ойындарының қатысушысы дайындық барысындағы қиындықтар туралы айтты

3 года ago
Қанат Таймерденов Алматы полиция департаментінің басшысы қызметінен кетті

Қанат Таймерденов Алматы полиция департаментінің басшысы қызметінен кетті

3 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In