• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Экономика

Тек екі келіге рұқсат: Еліміздің бір өңірінде картоп пен сәбізді сатып алуға шектеу қойылды

by Jasyn
06/03/2024
in Экономика
0
Тек екі келіге рұқсат: Еліміздің бір өңірінде картоп пен сәбізді сатып алуға шектеу қойылды
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қостанайда картоп 157, ал сәбіз 135 теңгеден сатылып жатыр. Бірақ арзан көкөніс бір адамға екі келіден артық берілмейді деп хабарлайды Хабар 24.

Жергілікті билік осы әдіс арқылы бағаны негізсіз өсіретін алып-сатарлардың жолын кесуге ынталы екенін жеткізді. Себебі, арзан әлеуметтік азық-түлікті делдалдар көптеп сатып алатын көрінеді. Құнын да қасақана шарықтатып жібереді, дейді олар. Әлеуметтік сату орындарындағы сәбіз базардағы бағадан төрт есеге, ал картоп екі есеге арзан. Мұндай бағаны қалалық әкімдіктің бекіткені белгілі болды. Бірақ алып-сатарлардың кінәсінен арзан көкөніс тез таусылып, сөрелер жиі бос қалады.

«Картоп пен сәбізді осы жерден сатып алып, сыртта 3 есе қымбат бағаға сатып жүргендер бар. Мұндай алып-сатарлардың жолын кесу мүмкін емес. Тек сауда орындарына әлеуметтік маңызы бар тауарларды сатуға шектеу қою туралы ұсыныс жасадық. Сонда азық-түліктен тапшылық туындамай, бәріне де аз-аздап болса да жететін шығар деп ойлаймыз», — деді қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Илона Тимошенко.

Картоп пен сәбізді арзандату үшін сауда орындары мен «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арасында келісімшарт жасалған. Осының нәтижесінде дүкендер жеңілдетілген несиеге қол жеткізіп отыр. Енді билік үш айға бекіткен бағаны ұстап тұруы шарт.

«Біз әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарының 16 түрін қамтамасыз етеміз. Біреуінен аздап пайда тапсақ, енді бірінен шығынға батуға мәжбүрміз. Өткен айда шығынымыз 8 млн теңгеге жетті. Амал жоқ. Бізге қойылған шарт осындай. Сәбізді 550 теңгеден алып, 157 теңгеден сатып жатырмыз. Кейбіреулер арбаны толтырып тиеп алып кетеді. Сондықтан бір адамға екі келіден артық сатпайтын болдық», — деді сауда желісінің әкімшісі Ботагөз Көшембаева.

Қазіргі уақытта облыстың тұрақтандыру қорында 300 миллион теңгеге бағаланған азық-түліктің 12 түрі бар.

Билік көкөніс бағасы жақын күндері тұрақталады деп отыр.

Одан бөлек, облыс аумағына еліміздің оңтүстік өңірінен күнде 200 тонна көкөніс жеткізіледі.

Jasyn

Jasyn

Next Post
Сарапшылар: Күзде елімізде қарақұмық қымбаттауы мүмкін

Сарапшылар: Күзде елімізде қарақұмық қымбаттауы мүмкін

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Бразилия президентіне масқа тақпағаны үшін айыппұл салынды

Бразилия президентіне масқа тақпағаны үшін айыппұл салынды

4 года ago
«Балалардың игілігі үшін» республикалық акциясы қалай өтіп жатыр?

«Балалардың игілігі үшін» республикалық акциясы қалай өтіп жатыр?

3 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In