• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Отбасылық құндылықтар

Техниканың дамыған заманында балаға түзу тәрбие беру өте маңызды

Тараз қаласында 31 ата-ана немесе қамқоршылар ата-ана құқығынан айырылған. Сондай-ақ жүргізілген рейд барысында әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін 1771 жасөспірім полиция басқармасына жеткізілсе, 1-еуі спирттік ішімдіктерді пайдаланғаны үшін, 10-ы ұсақ бұзақылық, 1341-і түнгі уақытта қараусыз қалғаны үшін жауапқа тартылып, 122 жасөспірім «Өмірлік қиын жағдайда қалған балаларды қолдау орталығына» орналастырылған.

by Jasyn
11/08/2024
in • Отбасылық құндылықтар
0
Техниканың дамыған заманында балаға түзу тәрбие беру өте маңызды
0
SHARES
16
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазіргі таңда техниканың қарқынды дамыған заманында балаға түзу тәрбие беру ісі маңызды.Теледидар алдында баланың ұзақ отыруы (қандай мазмұндағы сюжеттерді көріп отырғандығына ерекше мән беру керек), телефонға көбірек қарап ойынмен әуес болуы бала тәрбиесіне қауіпті жағдайлар. Мейірімге қанбаған бала мейірімсіз болады. Теледидар мен телефон ата-ана мейірімін, тәрбиесін бере алмайды. Қазіргі күні жасөспірімдер арасындағы қатыгездік түрлерінің артуы да, немесе өз-өзіне  қол жұмсаудың көбеюі де осы себептерден болса керек-ті.

Өкінішке қарай бүгінде жасөс­пі­рім­дер арасында түрлі келеңсіздіктерге жиі куә болып жүрміз.  Олардың қатыгездікке бейімділігі, суицид, толеранттылықтың тө­ме­ндігі, басқа да мәселелер, бұлар бір жақты қарайтын дүние емес. Дегенмен, түп негізінде отбасының рөлі зор деп санаймын. Мемлекетшіл азамат қашанда отбасынан алған тәрбие мен жалпы қоғамдық құндылықтардан қалыптасатыны белгілі.

Өмірімізге жаңалықтар жан-жақты енуде. Бұл орайда ұлттық құн­ды­лықтар мен заманның озық үлгілерін бір-бірімен ұштастыра отырып, балаға білім беру – біздің бас­ты мақсатымыз.

Осы орайда, 2023 -2024 оқу жылында  Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Адамды үйлесімді дамуы ұлттық институтының бастамасымен балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселесі бойынша мектептің ата-аналармен қарым-қатынасын күшейту, балаларды тәрбиелеу мен дамытуда ата-аналардың жауапкершілігін арттыру, сондай-ақ берекелі отбасы мәдениетін дамыту мақсатында орта білім беру ұйымдарында «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталықтары ашылып, облыс  бойынша 445 жалпы білім беретін ұйымдарда ата-аналарды қолдау орталықтары бойынша кабинеттер, арнайы бұрыштар ашылып,  жалпы білім беретін мектептерде  ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтарының бұйрықтары шығарылып, жұмыстар  ұйымдастырылуда.

Білім беру ұйымдарындағы  «Даналық мектебі» клубында 982 тренинг өткізіліп, оған 58 876 тыңдаушы, сәуір айында ата — аналарға 10229 сабақ  өткізіліп,   бастауыш  буында 77343 (83,3%) ата-ана, орта буында 90766 (75,8%) ата-ана, жоғарғы буында 24162  (94,9%) ата-ана қатысты.

«Тоғыз ай — 9 іс шара», «4 тоқсан — 4 жоба» жобалар шеңберінде іс-шаралар өткізу арқылы тәрбие жұмысы күшейтілуде. Сондай-ақ, білім беру ұйымдарындағы бала тәрбиесіндегі отбасы институтының ролін нығайту, ата-ана мәдениетін қалыптастыру және ұлттық әдеп ғұрыптар мен салт-дәстүрлерді дәріптеу мақсатында  «Даналық мектебі» клубының жұмысы  «Ата өсиеті», «Әже даналығы», «Аға қаморлығы», «Жеңге кеңесі» секцияларының жұмыстары арқылы жүзеге асырылуда.

Сонымен қатар, облыс мектептерінде білім алушы қыз балаларды ұлттық санада және рухани-адамгершілік жағынан тәрбиелеуді, болашақ ана ретінде дайындауды мақсат еткен «Қыз Жібек» клубтары жұмыс жүргізуде және мүдделі мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйым­дармен, ата-аналармен бірлескен жұмыстар жалғасын табуда.

Фото: Esquire Kazakhstan

Tags: ата-аналардың жауапкершілігін арттырубалаға білім берубалаға түзу тәрбие беруұлттық құн¬ды¬лықтар
Jasyn

Jasyn

Next Post
Балалардың қауіпсіз болашағы үшін жасалып жатыр

Балалардың қауіпсіз болашағы үшін жасалып жатыр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

14 адам келеңсіз оқиғалар салдарынан қаза тапқан

14 адам келеңсіз оқиғалар салдарынан қаза тапқан

2 месяца ago
Жамбыл облысында жабайы қарасора алқабы 2 есеге қысқарды

Жамбыл облысында жабайы қарасора алқабы 2 есеге қысқарды

12 месяцев ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In