• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Мәселенің мән-жайы

ТАРАЗДЫ ЕКІ АУДАНҒА БӨЛУ ІСІ НЕГЕ СОЗЫЛЫП КЕТТІ?

«Жаңа жылдан бастап Тараз қаласы екі ауданға бөлінеді» деген ақпарат соңғы кездері мүлдем айтылмайтын болды. Екі ауданның атауы ұзақ уақыт талқыға түсіп, қоғам белсенділерінің қызу пікірталасын тудырған бұл мәселені соңғы кездері тұрғындар ұмыта да бастағандай...

by Jasyn
06/03/2024
in Мәселенің мән-жайы, Топ
0
ТАРАЗДЫ ЕКІ АУДАНҒА БӨЛУ ІСІ НЕГЕ СОЗЫЛЫП КЕТТІ?
0
SHARES
106
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Расында БАҚ беттерінде «Тараз қаласы екі ауданға бөлінеді» деген  ақпараттың жазылып келе жатқанына бірнеше айдың жүзі болды. Тараз қаласы тұрғындарының саны 400 мыңнан асқаннан кейін жергілікті әкімдік көне шаһардың бас жоспарын өзгертуге, екі ауданға бөлуге ұсыныс жасаған болатын.

Бұл іс өткен жылдың соңына таман тіптен қарқын алып, жаз бойы жаңадан құрылатын екі ауданға қандай атау берілетіні қызу талқылаға түсіп, қоғам белсенділері тарапынан түрлі ұсыныстар айтылды.

Ақырында Тараз қаласы әкімі тарапынан келіп түскен, яғни «Тараз қаласындағы екі әкімшілік-аумақтық бірлікке атау беру туралы» ұсыныстың негізінде көпшілік тыңдауы ұйымдастырылып, екі ауданға «Алатау» және «Қаратау» атауын беру туралы ұсынысын ортаға салды. Ұсыныстар, пікірлер талқыланып, бірауыздан қолдау тапқан еді.

Ал, осыған байланысты алдағы уақытта Тараз қаласындағы «Алатау» (8), «Қаратау» (2) ықшамаудандарының атауы ауысатын болған.

Міне, жаңа 2024 жыл басталды. Неғып екенін, соңғы кездері Тараздың екі ауданға бөлінетіні туралы ақпараттардың екпіні басылып қалды. Неге? Бұл іс неге созылып кетті? Біз мұны Тараз қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қайрат Исмайылдан сұрап білдік.

— Иә, шынында Тараз қаласы жаңа жылдан бастап екі ауданға бөлінеді деп ойлағанбыз, — дейді Қайрат Әбілханұлы. — Біздің жоспарымыз бойынша Тараз қаласының бас жоспарын Үкімет өткен жылдың тамыз айында бекітіп, жылдың соңына дейін екі ауданның шекарасы бөлініп бітуі тиіс еді. Бірақ қаланың бас жоспарын Үкімет 26-желтоқсанда бекітті. Енді міне, жаңа жылдан бастап қалалық сәулет, архитектура,  жер бөлімдері екі ауданның шекарасын белгілеумен айналысып жатыр. Бұл жұмыс шамамен наурыз айында бітеді деп жоспарлап отырмыз. Сол наурыз айында екі ауданның аумағын қалалық мәслихат бекітіп берсе, ары қарай ресми түрде жаңа әкімдік жұмысын бастайды.Ал екі ауданның шекарасы әл-әзірге бөлінбегендіктен жаңа жылдың бюджетінен қаржы қарастырылған жоқ. Аумағы, шекарасы нақты белгіленгеннен кейін халық санына қарай жаңа әкімдіктің штаты бекітіледі.

…Естеріңізге сала кетейік, Байзақ және Жамбыл аудандарының 14 елді мекенін қалаға кіргізу жоспарлануда. Қаланың Бас жоспарына түзетулер енгізілген соң ауылда тұратын 44 551 халық қала тұрғынына айналады. Тараз қаласының халық саны 408 235-ке жетіп, қала аумағы 11 755 гектарға ұлғаяды. Осылайша Тараз қаласының жалпы ауданы 30 542 гектарды құрайтын болады.

 

Tags: Жамбыл облысыТАРАЗДЫ ЕКІ АУДАНҒА БӨЛУшекара
Jasyn

Jasyn

Next Post
В аэропорту Тараза задержали 15-летнюю пассажирку

В аэропорту Тараза задержали 15-летнюю пассажирку

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Өнерлі жастар – өркениеттің айнасы

Өнерлі жастар – өркениеттің айнасы

7 месяцев ago
Елбасына ескерткіш орнату идеясы мүлдем ұнамайды – Айдос Үкібай

Елбасына ескерткіш орнату идеясы мүлдем ұнамайды – Айдос Үкібай

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In