Ата-аналар балалардың оқу ақысын төлеп қойса да бұл білім ошағының оқушылары бірінші тоқсанды қорытындылай алмай, оқу процесі бұзылған.
Ата-аналар «Бұл өрескел жағдай. Үш ай лицензиясыз жұмыс істеген мектеп кенеттен жұмысын тоқтатып, 250 оқушының үлгерімі расталмай қалды», — деп шағымданды.
Олар енді бұл оқу процесінің бұзылуы орта мектеп оқушылары үшін (9-11 сыныптар) ҰБТ-ға дайындыққа әсер етуі мүмкін екенін айтады.
Жамбыл облысының білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті осы мәселеге қатысты жауап берді.
«Жамбыл облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті тарапынан «Innoverse School Taraz» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 409-бабының 4 тармағына сәйкес 2024 жылдың 10 қазанында әкімшілік құқық бұзушылық бойынша хаттама толтырылып 15 АЕК (55380 теңге) айыппұл салынды. Сонымен қатар, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 463-бабының 1-бөлігі бойынша білім беру қызметіне лицензия немесе лицензияға қосымша алмай жұмысын бастағаны үшін 2024 жылдың 10 қазанда әкімшілік құқық бұзушылық бойынша хаттама толтырылып, 2024 жылдың 14 қазанда Тараз қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотына жолданды. Бүгінгі күнге Әкімшілік іс сот қарауында» делінген хабарламада.
Фото: Прикаспийская коммуна