• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Кешегі күннің күркірі

Таразда жаңадан облыстық аурухана салу жоспарда бар ма?

Тараз қаласындағы облыстық көпбейінді аурухананың ғимараты 1936 жылы салынған. Ғимарат ескі болғандықтан медициналық заманауи жабдықтарды орнатуда қиындықтар бар. Мысалы КТ, МРТ және диагностикалық және басқа да медициналық жабдықтарды орнатуға бөлмелер жоқ.

by Jasyn
06/07/2024
in Кешегі күннің күркірі
0
Таразда жаңадан облыстық аурухана салу жоспарда бар ма?
0
SHARES
56
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жамбыл облыстық мәслихатының кезекті XV сесиясында депутат Серік Қойбақов жаңа аурухана құрылысына қаржы қарастыру мәселесін көтерді.

— Бүгінгі таңда жаңа аурухана салуға 12 гектар учаске бөлінген, — дейді депутаттық сауал жолдаған Серік Қойбақов. — 400 адамды қабылдауға мүмкіндік беретін жаңа аурухананың құрылысы шамамен 60 млрд теңге деп есептеліп отыр. Бірақ құрылысты бастау үшін жобалық-сметалық құжат (ЖСҚ) жасалуы тиіс. Оған шамамен 100 млн теңге керек. Сондықтан осы жобаны бюджеттік комиссияға ұсынып отырмыз.

Депутаттың сауалына Жамбыл облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Сандуғаш Абдралиева жан-жақты жауап берді. Сандуғаш Ермаханқызының айтуына қарағанда жаңа аурухананың жобалық-сметалық құжатын жасауға қаржы бөлу әзірге мүмкін емес.

— Негізі бюджет 3 жылдық кезеңге сәйкес жоспарланады, — дейді бұл жөнінде Сандуғаш Абдралиева. — Яғни, республиканың тарапынан үш жылдық кезеңге біздің бюджеттік инвестициялық жобалар енгізілсе ғана ЖСҚ дайындауға қаржы бөле аламыз. Егер енгізілмесе бөле алмаймыз. Бұл аурухананың қажеттілігі туралы үкімет те, министрлік те хабардар. Алайда бұл үш жылдық бюджетке енбей отыр. Үш жылдық бюджетке енбеген жобаға ЖСҚ әзірлей бастасақ, оның сметасы құрылыс басқармасы бекіткен кезеңнен бастап бір жылға ғана жарайды, ал мемлекетік экспертизасы 3 жылға жарайды. Егер де біз биыл оны әзірлей бастасақ ол келесі жылы мемлекеттік сараптамадан шықты делік, үш жылдың ішінде қаржыландырылмаса ол ақша күйіп кетеді де тиімсіз пайдаланылған болады. Сол үшін біз республикадан осы мәселеге қаржы бөлініп, үш жылдық бюджетте міне тұр дегенді көріп, сенімді болуымыз керек. Өкінішке орай, үш жылдық бюджетке облыстық көпбейінді аурухана кіріп отырған жоқ. Сондықтан әл-әзір ешқандай мүмкіндік жоқ. Оның үстіне құрылыстың құны 60 млрд теңге, бұл оңай қаражат емес. Егер жергілікті бюджет пен республикалық бюджет бұл құрылысқа әзірге 1-2 млрд теңге бөлген жағдайда құрылыс 3-4 жылға созылып кетсе, жоба міндетті түрде түзетуге жіберіледі. Өйткені мердігер 3-4 жыл созып дәл сол қаржыға ғимаратты салып бере алмайды. Өздеріңіз білесіздер, баға жыл сайын өсіп жатыр. Сондықтан амал жоқ, бұл жобаның үш жылдық республикалық бюджетке енгенін күтеміз.

Естеріңізге сала кетейік, Жамбыл облыстық мәслихатының XV сесиясында 2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджетке өзгерістер енгізілді.

 

Tags: депутат Серік ҚойбақовЖамбыл облыстық ауруханаоблыстық аурухана салуСандуғаш Абдралиева
Jasyn

Jasyn

Next Post
Қожағапар ауылында жаңа мектеп қашан салынады?

Қожағапар ауылында жаңа мектеп қашан салынады?

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Журналистика – адамды жалықтырмайды

Журналистика – адамды жалықтырмайды

6 месяцев ago
Жамбылдық полицейлер мен еріктілер үйінен өз еркімен кеткен 198 кәмелетке толмаған жасөспірімді ата-аналарына қайтарды

Жамбылдық полицейлер мен еріктілер үйінен өз еркімен кеткен 198 кәмелетке толмаған жасөспірімді ата-аналарына қайтарды

2 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In