Осы сәтте кафеде күшейтілген тәртіпте қызмет атқарып жүрген полиция қызметкері дер кезінде араласып, күзетшіні қорғай отырып, ауыр қылмыстың алдын алу шараларын жүргізеді.
Оқиға барысында полиция лейтенанты оң қолына пышақ жарақатын алды. Алайда ол өзінің өмірі мен денсаулығына төнген қауіпті елемей, қоян-қолтық тәсілдерін қолданып, басқа азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Жарақатына қарамастан, құқық бұзушыны қарусыздандырып, жедел-тергеу тобы келгенше ұстап тұрған.
Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты бұзақылық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Фото: www.gov.kz