Жамбыл облысының полиция, ҰҚК және ТЖ департаменттерінің қызметкерлері жылдам қимылдайтын арнайы жасақ, жедел-тергеу тобы мен кинологтарды тарта отырып, ғимараттарды тексеру бойынша іс-шараларды шұғыл түрде ұйымдастырды.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Жамбыл облысының Полиция департаменті ҚР ҚК 273-бабына сәйкес терроризм актісі дайындалып жатқаны туралы көрінеу жалған хабарлама үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғаны туралы ескертеді.
Фото: Ulusmedia.kz