Бұған қырыққабат бағасының 3,5%-ға және жұмыртқаның 1,6%-ға қымбаттауы әсер етті. Қырыққабат бағасының ең көп өсуі Алматы қаласында (19,3%), Ақтөбе (7,4%) және Түркістан (6,7%) облыстарында тіркелді. Атырау облысында жұмыртқа бағасының едәуір өсуі орын алды (27%).
«Айналым схемасы» шеңберінде өңірлерде 273,6 мың тонна әлеуметтік маңызы бар тауар сатып алынды. Өткен аптада жұмыртқа (+70,6 млн дана), картоп (+17,4 мың тонна), сәбіз (+7,2 мың тонна), пияз (+4,7 мың тонна), қырыққабат (+4,8 мың тонна) және т. б. сатып алу ұлғайтылды.
Өткен аптада Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі нан, жұмыртқа және ұн өндірушілеріне бағаның мүмкін өсуі туралы жария мәлімдегені үшін 4 ескерту жасады. Нұр-Сұлтан қаласында, Түркістан және Маңғыстау облыстарында 18 тауар позициясы бойынша сауда үстемесін көтерудің 7 фактісі анықталды. Түрлі бағаларды қолдану белгісі бойынша хабарламаны орындамауына байланысты «Тараз қант зауыты» ЖШС-ға қатысты тергеу тағайындалды.
Бүгінгі күні өндірушілермен және ірі супермаркеттермен баға мен сауда үстемесін төмендету туралы, оның ішінде республикалық ірі сауда желілерімен ӘМАТ-қа сауда үстемесін 15%-дан 10%-ға дейін төмендету туралы, сондай-ақ Қазақстанның жұмыртқа өндірушілер қауымдастығына кіретін Қазақстанның 14 құс фабрикасымен 108 монополияға қарсы комплаенс актісі жасалды.
Бұл туралы Үкіметтің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) бағасын реттеу мәселелері бойынша өткен кеңесте айтылды.