Табылған қарудың ішінде 16 мм калибрлі «Иж-17» маркалы қосауыз тегіс ұңғылы аңшы мылтығы, «ТОЗ-Б» маркалы тегіс ұзын ұңғылы аңшы мылтығы, газды револьвер, 5,45 мм калибрлі 30 патрон, 16 мм калибрлі 4 патрон, 9 мм калибрлі 12 травматикалық патрон және оқ өтпейтін жилет болды.
-Осы дерекке қатысты ҚР ҚК 287-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сондай-ақ сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалды, — деп хабарлады Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция подполковнигі Әлім Бажықбаев.