Ол кезде үйдің 6 тұрғыны тіпті өрт туралы білмеген және қатты ұйқыда болған болатын. Қуанышқа орай, дәл сол сәтте өрт шыққан үйдің жанынан такси жүргізушісі Сағынай Шәріпов өтіп бара жатқан. Түтінді байқағаг ол дереу өрт сөндірушілерді шақырып, қоршаудан секіріп, үй тұрғындарын оята бастады.
«Қорқынышты болды, ит үріп, маған қарай жүгірді. Мен қоршаудан секіріп, терезелерді қаға бастадым. Үйден бір адам шығып, айқайлай бастады, мен оған: «Артыңа қара, үйлерің жанып жатыр» дедім. Үйден ер адам мен әйел, екі баламен тағы бір жас жігіт шықты», — деп бөлісті Сағынай Шәріпов.
Жүргізушінің мұндай батыл қадамына «Қазақстанның астық консорциумы» компаниясы бей-жай қарамай, Сағынай Шәріповке жанқиярлығы үшін алғыс айтып, оған 300 мың теңгеге ақшалай сертификат табыс етті.