Қымбат Досжан тағы төрт болжамды анадан сынама алынғанын жеткізді. Алайда, өкінішке қарай, олардың барлығының нәтижесі теріс болып шықты.
«Қадір түні алдында сүйінші жаңалық бола ма деп күтіп едік. Тағы төрт әйелдің анализі 0 пайыз болып шықты. Тастанды сәбилерді қуыршақтар ауыстырғандай, ізін таппайтындай еткен ғой, Арқалық перзентханасы мен балалар үйі. Бірақ біз беріспейміз, қуанатын кез алда, Жани. Жауаптыларға тықыр таянды» деп жазды журналист.
Өз кезегінде Жәнібек аталған жазба астына пікір қалдырып, анасын іздеп жатқан жандарға алғыс айтты.