Қытай мен Өзбекстан шекарасында 4 жаңа кеден бекеті іске қосылды
Жоба аясында ескірген инфрақұрылымды толық ауыстыра отырып, заманауи жаңа өткізу пункттерінің құрылысы көзделген. Жаңа нысандар халықаралық стандарттарға сай салынған және көлік құралдарын сканерлеуге, тексеруге және автоматты өлшеуге арналған жоғары технологиялық жабдықтармен жабдықталған. 2025 жылдың басынан 4 жаңғыртылған өткізу пункті іске қосылды: Қытаймен шекарада – «Көлжат» және «Алакөл»; Өзбекстанмен шекарада — «Қапланбек» және «Атамекен». Ағымдағы жылдың соңына дейін «Қазығұрт», «Тәжен», «Темір баба», ...