• RU
Суббота, 5 июля, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Жасыл белдеу

Табиғат байлығы мен орман қорын өрттен сақтауда орманшылар аянып қалмауда

by Jasyn
06/03/2024
in Жасыл белдеу
0
Табиғат байлығы мен орман қорын өрттен сақтауда орманшылар аянып қалмауда
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Облыстың ормандары – бұл маңызды қорғау қызметін атқаратын табиғи кешен. Орман алқаптары көлемінің жартысынан астамын сексеуіл құрайды. Жыл сайын Жамбыл облысының аумағында жануарлар әлемін, ағаштарды, бұталар мен сексеуілді жоятын орман мен дала өрттері тіркеліп отырады. Сексеуіл ормандарындағы өрттердің нәтижесінде олардың құм көшкінін ұстау қабілеті төмендейді. Мұндай өрттер үлкен аумаққа таралып, орман-дала өрттеріне өтеді, сонымен қатар оларды өшіру үшін өртке қарсы қызметі күші мен құралдарының негізгі бөлігі бөлінеді де, нәтижесінде елді мекендер өртке қарсы қорғаусыз қалып, ауыл шаруашылығы алқаптарына қауіп төнеді.  

Биыл облыста өрт қауіпі бар маусымы 24 наурыздан басталып кетті. Осыған байланысты, орман қорындағы орманшылықтарда 34 өрт бақылау мұнарасы жұмыс жағдайына келтіріліп, өрт қауіпті аумақтардағы 63 бекетте тәулік бойына кезекшіліктер ұйымдастырылуда. Орман қорғау қызметкерлерінен құрылған өрт сөндіруші топтарында 557 адам тартылған. Олар арнайы курстан өтіп, сертификат алып, киім-кешекпен қамтылған. 

Облыс әкімдігі табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бас маманы Болатжан Ахтанбердінің айтуынша, орман қорында 355 рейдтік іс-шара ұйымдастырылып, өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзған 20 адамға хаттама толтырылып, оларға 336,8 мың теңге айыппұл салыныпты. Айыппұлдар бүгінгі таңда өндірілген. 

Орман қорында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өрттің алдын алу жөніндегі профилактикалық іс-шара жоспары бойынша 11154,5 км минералдандырылған жолақтарға күтім жасау жұмыстары мамыр айында толығымен орындалыпты. Бұдан бөлек, өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндіруге бағытталған үгіт-профилактикалық іс-шаралары жоспары бойынша БАҚ-та – 20 мақала, өрт қауіпсіздігін сақтау мәселелері бойынша – 986 парақша, 21 жиналыстар мен дәрістер өткізілген. 

Бүгінгі таңда орман шаруашылығы мекемелері 122 әртүрлі маркадағы жеңілавтокөліктермен, 79 трактор және 77 соқа тіркемесімен қамтылған. Одан бөлек, 55 мотоцикл, 14 АЛФ өртке қарсы агрегаты, 12 өрт сөндіру автокөлігі бар. Өртсөндірушілер негізгі құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Биыл материалдық-техникалық базаны жақсарту мақсатында бюджеттен 87 млн теңге бөлініп, оған 2 трактор, 21 қосымша агрегаттар алынды. Қазіргі таңда мекемелердің материалдық-техникалық базасы 78 пайызды құрап отыр, — дейді басқармасының бас маманы Болатжан Ахтанберді. 

Jasyn

Jasyn

Next Post
В Мойынкумском районе планируется построить ветряную электростанцию мощностью 1 гигаватт.

В Мойынкумском районе планируется построить ветряную электростанцию мощностью 1 гигаватт.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Қазақстанда АИ-92 бензині тағы қымбаттады

Қазақстанда АИ-92 бензині тағы қымбаттады

4 года ago
Сіз қанша ақша қарызсыз?

Сіз қанша ақша қарызсыз?

1 год ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In