• RU
Среда, 17 сентября, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Әлеумет

Судың «көлеңкелі» нарығына қарсы күрес жүргізеді

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы тапсырмаларды іске асыру бойынша аппарат кеңесін өткізді.

by Jasyn
12/09/2025
in Әлеумет
0
Судың «көлеңкелі» нарығына қарсы күрес жүргізеді
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Президенттің судың «көлеңкелі» нарығын жою жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында Су ресурстары және ирригация министрлігі Бас прокуратура және ІІМ-мен бірлесіп, республикалық деңгейде іс-шаралар жоспарын әзірлейтін жұмыс тобын құруға келісті.

Жұмыс тобы жүйелі жедел-аналитикалық жұмыстар жүргізіп, рейдтік іс-шаралар ұйымдастырады. Тексерулер барысында заңсыз су пайдаланушылар мен «Қазсушар» РМК-дағы және бассейн инспекцияларындағы қызметін адал атқармайтын лауазымды тұлғаларды анықтау көзделген.

«Биыл бірқатар маманның өз міндеттерін орындамауы заңсыз су алуға әкелгенін көрсетті. Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында құқық қорғау органдарына нақты тапсырмалар берді. Енді біздің министрлік сол құрылымдармен бірлесіп жұмыс істейді. Барлығына жауапкершілік бар екенін еске саламын. Су шаруашылығы мамандары өз функционалдық міндеттерін сапалы орындауы үшін министрлік барлық қажетті жағдайды жасады. Материалдық-техникалық база нығайтылды, жалақы көтерілді»,

– деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Бұған дейін ведомство басшысы вегетация кезеңі қорытындысы бойынша қызметтік тексеру жүргізуді тапсырғанын еске сала кетейік.

Судың «көлеңкелі» нарығына қарсы күрес аясында Суару суын пайдалану ережелеріне, Әкімшілік және Су кодекстеріне қосымша түзетулер әзірленіп жатыр. Бұл өзгерістер каналдардан заңсыз су алудың алдын алуға бағытталған. Сонымен қатар Ұлттық су ресурстары ақпараттық жүйесі базасында вегетацияны цифрлық мониторингтеу жүйесі жасалып жатыр.

Мемлекет басшысының бірыңғай цифрлық су ресурстары платформасын құру жөніндегі тапсырмасын тиімді іске асыру үшін өзендер мен көлдерді түгендеуді қайта бастау жоспарланып отыр. Бұл мемлекеттік су кадастрын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Кадастрда жерүсті су ресурстарын есептеу мен бағалау жүргізіледі. Бұл жұмыс бүкіл ел көлемінде де, әрбір су шаруашылығы бассейні аясында да қамтылады. Мемлекеттік су кадастрын Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесінде жүргізу климаттық тәуекелдер жағдайында негізделген шешімдер қабылдау үшін берік аналитикалық база қалыптастырады.

Сондай-ақ Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығымен бірлесіп мұздықтар каталогын жасау жобасы пысықталып жатыр.

Су ресурстарын есепке алу жүйесін ұйымдастыру мақсатында «Қазсушар» РМК-ның «Су-метрология» филиалын қайта құру жұмыстары басталды. Жоспарға сәйкес филиал су пайдалану есебіне қатысты стандарттар мен талаптарды әзірлеумен, есепке алу жүйелерін жобалау және орнату бойынша қызмет көрсетумен, олардың тексерісін жүргізумен және қажетті компоненттер өндірісімен айналысады.

«Барлық вице-министрге жүзеге асырылып жатқан жобалар бойынша кешенді жұмыс пен мониторингті ұйымдастыруды тапсырамын. Гидротехникалық құрылысжайлардың ағымдағы және күрделі жөндеулерін, сондай-ақ каналдарды механикалық тазалауды тұрақты жүргізу үшін су шаруашылығы нысандарын пайдаланатын ұйымдардың материалдық-техникалық базасын күшейту қажет. Сонымен бірге Президент Жолдауында айтылған Солтүстік Арал теңізінің көлемін ұлғайту жобасы бойынша техникалық-экономикалық құжаттаманы әзірлеуді аяқтау керек. Ислам даму банкінің несиесіне мемлекеттік кепіл алу мәселесін Ұлттық экономика министрлігімен жеделдетіп қарастыру қажет»,

– деп атап өтті Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Фото: ortcom.kz

Tags: Нұржан НұржігітовСу ресурстарыСу ресурстары және ирригациясудың «көлеңкелі» нарығын жоюСудың «көлеңкелі» нарығына қарсы күрес
Jasyn

Jasyn

Next Post
Коммерциялық іс-шараларға полиция емес, күзет ұйымдары жауап беруі керек

Коммерциялық іс-шараларға полиция емес, күзет ұйымдары жауап беруі керек

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Елімізде жаңа жәрдемақы түрі енгізіледі

Елімізде жаңа жәрдемақы түрі енгізіледі

4 года ago
Алматыдағы атыс: Оқиға орны әлі де қоршалған

Алматыдағы атыс: Оқиға орны әлі де қоршалған

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In