Сонымен қатар тариф құнына қарай суару суына сараланған субсидиялар енгізілді.
Су үнемдеу технологияларын қолданған жағдайда субсидия көлемі 60 пайыздан 85 пайызға дейін өседі, ал қолданбаған жағдайда – тарифке байланысты 50–75 пайыздан 30–55 пайызға дейін төмендейді.
Сондай-ақ лазерлік тегістеуші сатып алуға берілетін субсидия егіс алқабы кемінде 200 гектар болатын шаруашылықтарға ғана төленеді деген талап алынып тасталды. Лазерлік тегістеу суармалы судың алқап аумағына біркелкі таралуына мүмкіндік беріп, суды 30 пайызға дейін үнемдеуге жағдай жасайды.
Бұл әсіресе қуаңшылыққа бейім өңірлер үшін өзекті. Мұндай технология еліміздегі күріш алқаптарында белсенді қолданылады.
Фото: Inbusiness.kz