• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Жастар саясаты

Спорт – жастардың серігі

Спорттың саулық кепілі екені баршамызға белгілі. Жастарды спортқа баулу – жарқын болашақ кепілі. Сондықтан бұл тұрғыдағы атқарылар жұмыстарды жандандыру аса маңызды. Әрі кезек күттірмейтін мәселе. Осы саладағы нәтижелі жұмыстардың арқасында спорт жастардың сенімді серігіне айналды десе де болады.

by Jasyn
19/11/2024
in • Жастар саясаты
0
Спорт – жастардың серігі
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен студент жастар арасында өткен «Спорт – біздің серігіміз!» атты спартакиада өз мәресіне жетті.

Жабылу салтанатында Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің басшысы Бектаев Ернар Нұралыұлы сөз сөйлеп, жеңімпаздарды құттықтады.

“Бұл спартакиада – жастардың арасында спортты насихаттаудың жарқын үлгісі. Қатысушылардың ынта-жігері, спортқа деген құштарлығы ерекше болды. Барша жеңімпаздарды құттықтаймын және жастарымызды алдағы уақытта да осындай белсенділік танытып, жоғары жетістіктерге жете беруге шақырамын,” – деді Ернар Нұралыұлы.

Шара барысында қатысушылар спорттың төрт түрінен сынға түсіп, өз шеберліктерін көрсетті. Қорытынды бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды:

1-орын – 150 000 тг. “Түркістан жоғары көпсалалы, қолөнер колледжі” (Түркістан қаласы);

2-орын – 100 000 тг. “Д.Қонаев атындағы аграрлық-техникалық колледж” (Сайрам ауданы);

3-орын – 75 000 тг. “Ерқанат Тәңірбергенов атындағы Түркістан индустриалды-техникалық колледжі” (Түркістан қаласы).

Сонымен қатар, жекелей марапаттар табысталды:

Үздік ойыншы – Қалданбек Айдос;

Үздік шабуылшы – Өмірзақ Нұрсәт.

Бұл спартакиада жастар арасында достықты, бірлікті нығайтып, салауатты өмір салтын дәріптеуде үлкен үлес қосты.

Ал, Ақтөбе қаласында дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында өткен ҚР чемпионатында түркістандық Айдар Арапов үздік үштіктің қатарынан көрінді. Әбдісалан Нұрмаханов атындағы ОРМБЖСМ спортшысы жарыс жолына 90 келі салмақ дәрежесінде шығып, қола жүлдегер атанды. Балуанды баптап, бағы мен бабы қатар шабуына үлес қосып жүрген жаттықтырушылары – дзюдодан жоғары санатты жатықтырушы, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Мәди Құрымбаев және білікті бапкер Бейбіт Маханов. Айдар Арапов бұған дейін ҚР-ның чемпионы, Жастар арасында Азия чемпионы, Халықаралық жарыстардың жүлдегері атанып үлгерген балуан.

Сондай-ақ,  Татарстан Республикасының астанасы Қазан қаласында 12-16 қараша күндері белбеу күресінен 2004-2006 жылы туған жастар арасында Әлем чемпионаты өтті. Жүзге жуық елдің іріктелген балуандары жиналған әлемдік дода тартысқа толы болды. Аламанда ел намысын қорғаған түркістандық ару Таңшолпан Өмірзақ 52 келі салмақ дәрежесінде бақ сынап, қола медаль алды.

Айта кетейік, Таңшолпан – Түркістан облыстық №3 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірті. Жаттықтырушысы — Нұрсейіт Қаңлыбай.

Түркия елінің астанасы Анкара қаласында 9-16 қараша күндері тоғызқұмалақтан әлем чемпионаты өтті. Жарыс классика, рапид және шапшаң түрінен болды. Әлем біріншілігіне 14 елден 100-ге жуық спортшы қатысты. Байрақты бәсекеде Қазақстан, Қырғызстан, Латвия, Моңғолия, Өзбекстан, Румыния, Түркия, Испания, Франция, Чехия, Украина, Грузия, Венгрия және АҚШ спортшылары бақ сынады.

Зияткерлер бәсекесінде Қазақстан намысын қорғаған Түркістан облысының мақтанышы, облыстық ұлттық спорт түрлері мектебінің шәкірті Әсел Далиева қарсылас шақ келтірмей, 2 алтын және 1 қола медаль иеленді.

Тараз қаласында өткен қазақ күресінен ересектер арасындағы ҚР чемпионаты өз мәресіне жетті. Үш күнге созылған тартысты бәсекеге 16 салмақ дәрежесі бойынша Астана, Алматы және Шымкент қалалары мен еліміздің 17 облысынан 450-ден астам балуан қатысып, өзара бақ сынасты.

Аталған чемпионатта Түркістан облысының құрамында өнер көрсеткен кентаулық спортшы Ақбота Қыдырәлі 70 келі салмақ дәрежесінде ел чемпионы атанды. Спортшы алдағы уақытта өтетін Азия чемпионатына қатысатын ҚР құрама командасына енді. Жалпыкомандалық есепте Жамбыл облысы көш бастап, Түркістан және Жетісу облыстары үздік үштікке кірді.

Сондай-ақ, Сайрам ауданының Қарабұлақ ауылындағы «Мәдениет үйінде» жасөспірімдер арасында қол күрестен аудан біріншілігі өтті. Жарысқа WAF (Дүниежүзілік Қол күрес Федерациясы) бекіткен ережелерге сәйкес, 45 кг-нан бастап 90+ кг дейінгі 11 салмақ дәрежесінде барлығы 132 спортшы қатысты. Бұл доданың басты мақсаты – аудан көлемінде қол күрес спортын бұқаралық деңгейге жеткізу, салауатты өмір салтын насихаттау және ұлтаралық достықты нығайтуға бағытталды.

Біріншілік әр жас спортшының өз шеберлігін шыңдауына, қарсыластарымен шынайы спорттық рухта кездесіп, өз күшін дәлелдеуге тамаша мүмкіндік сыйлады. Сонымен бірге, бұл жарыс түрлі ұлт өкілдерінің басын біріктіріп, достық пен татулықтың айқын көрінісіне айналды.

Сайыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен және медальдармен марапатталды. Қол күрес – тек бұлшық еттің күші ғана емес, ерік-жігер мен шыдамдылықтың белгісі. Осы жолғы жарыс аудан жастарының спортқа деген ынтасын арттырып, әрбір қатысушыға жаңа белестерді бағындыруға жігер берді.

Жамбыл облысының орталығы – Тараз қаласында өткен қазақ күресінен ересектер (ерлер мен әйелдер) арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті.

Чемпионаттың ашылуында ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов қазақ күресінің қарқынды дамуын атап өтіп, ұлттық спортты халықаралық деңгейге көтерудің маңыздылығын атап айтты.

Үш күнге созылған тартысты байрақты бәсекеге 16 салмақ дәрежесі бойынша Астана, Алматы және Шымкент қалалары мен еліміздің 17 облысынан 450-ден астам балуан сайысып, кілемде кіл мықтыны анықтады.

Аталған чемпионатта Түркістан облысының құрамында өнер көрсеткен кентаулық қайсар спортшы қыз Қыдырәлі Ақбота -70 келі салмақ дәрежесінде алғашқы рет ересектер арасында қазақ күресінен ҚР чемпионы атанып, алдағы уақытта өтетін Азия чемпионатына қатысатын ҚР құрама командасына енді.

Жеңіс еңбексіз келмейді. Спортшыларды күні-түні жалықпай үздіксіз жаттығып, жарысқа жауаптылықпен қарауы мен жаттықтырушылардың дайындық процесін дұрыс ұйымдастыра білуінің арқасында.

Ағымдағы жылдың 13 мен 16 қараша күндері Түркия елінің Анкара қаласында жастар арасында бесасықтан әлем кубогі өткен болатын. Айтулы байрақты бәсекеде Түлкібас ауданына қарасты Шұқырбұлақ елді мекенінің 2006 жылғы тумалары Даулеталиқызы Еркежан мен Амангелді Назгүл ел намысын абыроймен қорғағап, бас жүлдені иеленді. Қос арудың бапкері — Қарабаев Алмас.

 

 

 

 

Tags: «Спорт – біздің серігіміз!»жастарспартакиадаТүркістан облысы
Jasyn

Jasyn

Next Post
Жастардың жеке кәсіп бастауына барлық жағдай жасалған

Жастардың жеке кәсіп бастауына барлық жағдай жасалған

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Жамбылда екі басқарманың бір айда бір қосылып, қайта бөлінуіне не себеп болды?

Жамбылда екі басқарманың бір айда бір қосылып, қайта бөлінуіне не себеп болды?

1 год ago
Құс атамын деп өзі оққа ұшты: Жамбыл облысында 14 жасар бала көз жұмды

Құс атамын деп өзі оққа ұшты: Жамбыл облысында 14 жасар бала көз жұмды

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In