• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Әлеумет

Сотталғандарға медициналық көмек көрсету Денсаулық министрлігіне 2023 жылы беріледі

by Jasyn
06/03/2024
in Әлеумет
0
Сотталғандарға медициналық көмек көрсету Денсаулық министрлігіне 2023 жылы беріледі
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

2023 жылы сотталғандарға медициналық қызмет көрсету Денсаулық сақтау министрлігіне беріледі. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.

Оның атап өтуінше, Ішкі істер министрлігінде ведомство қызметін жетілдіру мәселелері бойынша ашық онлайн тыңдаулар өтті. Онда қылмыстық-атқару жүйесін жетілдіруге бағытталған заңнамаға енгізілетін түзетулер қаралды.

«Өзекті мәселелердің бірі — сотталған адамдарды медициналық қамтамасыз ету. Көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыру және халықаралық стандарттарға сәйкестендіру мақсатында 2023 жылға қарай сотталғандарды медициналық қамтамасыз етудің барлық функциялары Денсаулық сақтау министрлігіне берілетін болады. Бұл іс-шара сотталғандарды медициналық тексерудің, диагностиканың және емдеудің қазіргі заманғы әдістерін пайдалануға мүмкіндік береді», — деді Нұрділдә Ораз.

Сонымен қатар, ол медицина қызметкерлері аштық жариялауды тіркеу немесе дене жарақатын салуға қатысты шешім қабылдаған кезде олардың жұмысына мекеме әкімшілігінің араласу мүмкіндігі жойылатындығын айтты.

«Ашық тыңдау барысында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардың әлеуметтік-құқықтық көмек алуына жәрдем көрсету мәселесі де қаралды. Бұл функция жергілікті атқарушы органдарға берілетін болады. Өйткені заңнамаға сәйкес әкімдіктер қазірдің өзінде осы бағытта көмек көрсетіп келеді», — деді ресми өкіл.

Еске салайық, 2 маусымда ҚР ІІМ-де «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне ішкі істер органдарының қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының негізгі ережелерін түсіндіру және талқылау бойынша жария онлайн-тыңдау өтті. Онда Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчи ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті сотталғандарға медициналық қызмет көрсету функциясын ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне беретінін мәлім еткен еді.

 

Jasyn

Jasyn

Next Post
Әр балаға 230 мың теңге беріле ме: Еліміздің жәрдемақы төлеу тәртібі өзгермек

Әр балаға 230 мың теңге беріле ме: Еліміздің жәрдемақы төлеу тәртібі өзгермек

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Ақыры бас бапкер болып Черчесов тағайындалды

Ақыры бас бапкер болып Черчесов тағайындалды

12 месяцев ago
ІІМ Антикормен бірге елордаға синтетикалық есірткі жеткізудің ірі арнасын жойды

ІІМ Антикормен бірге елордаға синтетикалық есірткі жеткізудің ірі арнасын жойды

1 год ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In