• RU
Вторник, 10 февраля, 2026
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Қоғам

Сотталған әйелдерге амнистия жасауды ұсынды

Мәжілістегі Ауыл партиясының фракциясы сотталған әйелдердің жасаған қылмысы зорлық-зомбылық жасаумен байланысты болмаса, қоғам үшін қауіп төндірмейтін болса, ондай әйелдерге амнистия жасау мүмкіндігін қарастырып көруді ұсынды.

by Jasyn
31/01/2025
in Қоғам
0
Сотталған әйелдерге амнистия жасауды ұсынды
0
SHARES
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

«Көп жағдайда отбасыдағы бала тәрбиесі әйелдердің мойнында. Ана алақанның аясы- ақ шынардың саясы деген сөз бар. Бүгінгі таңда 2336 әйел бас бостандығынан айырылған, олардың жартысы — аналар, оның ішінде 250-і көп балалы аналар. 1500-ден астам бала анасыз қалып, аналарымен қауышуды күтуде. 100 ге жуық  сәби балалар үйіне жіберілген. Бұлар жай ғана цифрлар емес — бұл ойран болған отбасылар, бұзылған тағдырлар, ең сорақысы  ана жылыуынан айырылған сәбилер» дейді Мәжіліс депутаты Қарақат Әбден.

Бұл мәселеде халықаралық тәжірибе жеткілікті дейді депутат. Мәселен, Қырғызстанда әйелдерге 1996 жылдан бері  3 рет амнистия жасалған. Өзбекстанда 2013 жылы амнистия жасалып, әйелдер мен кәмелетке толмағандар босатылды. Ресей Президенті 2023 жылы  әйелдерге амнистия жасау туралы идеяны қолдады. АҚШ-тың кейбір штаттарында әртүрлі қылмыс жасап сотталған әйелдерге бір неше  рет амнистия  жасалды.

Жалпы, әйелдерге амнистия жасалса, еліміздің пенитенциарлық жүйесіне жүктеме азаяды; балалар үйлеріне түсетін жүк төмендейді; әлеуметтік шиеленіс азаяды; мемлекетіміздің адам құқықтары мен отбасыны қорғау саласындағы халықаралық стандарттарды ұстанатынын растауға мүмкіндік туады.

Осыған орай Қарақат Әбден зорлық-зомбылыққа қатысы жоқ қылмысы үшін сотталған әйелдер, сондай-ақ сотталған жүкті әйелдер мен кішкентай баласы бар әйелдерге, көп балалы әйелдер, алғаш сотталған әйелдер, жасы ұлғайған (60-тан асқан) әйелдерге амнистия қолдануды ұсынды.

Ал ауыр қылмыс, аса ауыр қылмыс жасап, зорлық-зомбылыққа байланысты қылмыс жасап, сол үшін сотталған, қоғамға қауіп төндіретін әйелдерге амнистия жасалмайды.

Фото: 1News.az

 

 

 

Tags: Қарақат ӘбденСотталған әйелдерге амнистия
Jasyn

Jasyn

Next Post
13 кәсіпорынның тек 4-і ғана жұмыс істейді

13 кәсіпорынның тек 4-і ғана жұмыс істейді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Жамбыл облысында 60 тонна күкірт қышқылы заңсыз сақталған

Жамбыл облысында 60 тонна күкірт қышқылы заңсыз сақталған

2 года ago
Таразда аурухананың 758 млн. теңгеден астам қаржысын алаяқтық жолмен жымқырған

Таразда аурухананың 758 млн. теңгеден астам қаржысын алаяқтық жолмен жымқырған

10 месяцев ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In