• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Медицина

Скринингке арналған жабдық жоқ, бірақ тексерулер жүргізуге ақша жұмсалып келеді

Сенатор Айнұр Арғынбекова өзінің депутаттық сауалында ауруды анықтау бағдарламаларының тиімсіздігі туралы сұрады. Яғни, скринингке арналған жабдық жоқ, алайда ондай тексерулер жүргізуге әлі де ақша жұмсалып келеді. Ол скринингтер қалай жүргізіледі?

by Jasyn
28/05/2024
in Медицина
0
Скринингке арналған жабдық жоқ, бірақ тексерулер жүргізуге ақша жұмсалып келеді
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Депутаттың айтуынша, Қазақстанда екі жылда бір рет өзгеріп отыратын мемлекеттік бағдарламалар бойынша скрининг жүргізіледі, бұл өзгерістер олардың нақты тиімділігін бағалауды қиындатады. Сонымен қатар, науқастардың аз ғана бөлігінің сырқатын анықтауға миллиардтаған шығын кетеді.

«2023 жылы 7,5 млн-нан астам адам қаралды, оған 22,5 млрд теңге бөлінді, сонда анықталған ауру көрсеткіші артериялық гипертония — 5%, қант диабеті – 0,9%, глаукома – 0,3% болды. Сондықтан ДДҰ «скринингтік бағдарлама елдің денсаулық сақтау жүйесінің ағымдағы ресурстарына сәйкес келуі тиіс» қағидатын сақтай отырып, скринингтің тиімділігі дәлелденіп жүргізілуі керек. Мысалы, Қазақстанда 2013 жылдан бері колоректальды обырды ерте анықтауға арналған скрининг жүргізіліп келеді, ол бүгінде таралуы мен өлімі бойынша екінші орынға шығып отыр. Алайда әлі күнге дейін тиісті жабдықтар тапшы, ал бары жаңартуды қажет етеді. Атап айтқанда, облыстарды колоноскоптармен жаңғырту тек 2025 жылдан 2027 жылға дейін жоспарланып отыр. Сонда қазіргі кезде сырқатты анықтау қалай жүргізіледі?»,- деді Айнұр Арғынбекова.

Сенатор сонымен қатар зертханалардың әртүрлі жерлерде орналасуына байланысты пациенттер бір клиникада барлық қажетті тексеруден өте алмайтынын атап өтті. Сондай-ақ, сақтандырылмаған 3,5 миллион адам скринингке қол жеткізе алмай отыр, өйткені ол тексерулер кепілдендірілген медициналық көмек аясына кірмейді.

«Денсаулық сақтау министрлігі қазіргі скрининг бағдарламаларының дұрыстығы мен тиімділігін арттыру және скринингтерді орталықтандыру мүмкіндігін қарастыру қажет. Қаржы министрлігі скрининг жүргізуге арналған жабдықтарды жаңғыртуға қаржы бөлу мүмкіндігін қарастыруы тиіс. Жергілікті атқарушы органдар жұмыс берушілердің өз ұжымдарында скринингтен өту жөніндегі жауапкершілікті арттыруды, медицина кадрларын даярлауды, қолда бар денсаулық сақтау инфрақұрылымын тиімді пайдалануды ерекше бақылауға алсын», — деді сенатор.

 

Tags: денсаулық сақтау инфрақұрылымДенсаулық сақтау министрлігіСкрининг
Jasyn

Jasyn

Next Post
Қылмыстық істер, кадрлар, арыз-шағымдар – Жамбыл облысы ПД бастығы азаматтардың сұрақтарына жауап берді

Қылмыстық істер, кадрлар, арыз-шағымдар – Жамбыл облысы ПД бастығы азаматтардың сұрақтарына жауап берді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Жамбыл облысында 60 тонна күкірт қышқылы заңсыз сақталған

Жамбыл облысында 60 тонна күкірт қышқылы заңсыз сақталған

2 года ago
Доллар тағы қымбаттады

Доллар тағы қымбаттады

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In