• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Медицина

«СК-Фармация»: Соңғы жылдары халықтың науқастануы көбейіп келе жатыр

«Бүгінде фармацевтика экономиканың қарқынды дамып келе жатқан секторына жатады. Қазақстанның фармацевтикалық нарығында 80-нен астам отандық өндіруші жұмыс істейді, олардың жартысынан азы дәрілік заттарды өндіреді. Отандық кәсіпкерлер 900-ге жуық түрлі дәрілік заттарды және мыңнан астам медициналық бұйымдарды шығарады. Алайда, проблемалар аз емес, олардың бірі – отандық дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар өндірісін дамыту».

by Jasyn
18/06/2024
in Медицина
0
«СК-Фармация»: Соңғы жылдары халықтың науқастануы көбейіп келе жатыр
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Сенатта өткен «Фармацевтика саласының жағдайы мен даму перспективалары» тақырыбына арналған дөңгелек үстел отырысында осылай деген Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіп Мемлекет басшысы Қазақстандық фармацевтика өнеркәсібінің әлеуетін дамытуға баса назар аударып отырғанын және дәрі-дәрмек нарығындағы отандық өндірістің үлесін 2025 жылға қарай 50%-ға дейін арттыруды тапсырғанын атап өтті.

Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Жандос Бүркітбаев дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар өмірінің барлық кезеңі қамтылатын фармацевтика саласын мемлекеттік реттеу туралы сенаторларға айтып берді. Ол тізбекте әзірлеу, клиникаға дейінгі және клиникалық зерттеулер, тіркеу, өндіріс, қауіпсіздікті бағалау мен өнімді қолдану және жою қамтылады. Фармацевтикалық өнімдердің сапасын бақылау осы процестің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Ол дәрілік заттарды тіркеу, партиялар мен сериялардың сапасын бағалау кезеңдерінде, сондай-ақ фармакологиялық қадағалау және фармацевтикалық инспекция жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

«СК-Фармация» ЖШС өкілі өз кезегінде соңғы жылдары халықтың науқастануы көбейіп келе жатқанын жеткізді. Сырқаттар арасында тыныс алу органдарының аурулары көбірек — 27%, қан айналымы жүйесі — 17%, несеп — жыныс жүйесі — 8%, ас қорыту жүйесі — 8% және жүктіліктің асқынуы — 5% болып отыр.

 

Tags: Нұртөре ЖүсіпОтандық кәсіпкерлерСК-ФармацияФармацевтика
Jasyn

Jasyn

Next Post
Квазимемлекеттік сектордың үлесін күрт қысқарту қажет

Квазимемлекеттік сектордың үлесін күрт қысқарту қажет

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Жағдай осылай жалғасатын болса, тиісті қызметкерлерді лауазымынан босату қажет

Жағдай осылай жалғасатын болса, тиісті қызметкерлерді лауазымынан босату қажет

1 год ago
Ақтөбе облысында белгісіз мал ауруы тарап жатыр

Ақтөбе облысында белгісіз мал ауруы тарап жатыр

3 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In