• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Медицина

Шымкентте тұмау өршіп тұр

by Jasyn
06/03/2024
in Медицина
0
Шымкентте тұмау өршіп тұр
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласындағы тұмау және ЖРВИ таралу жағдайы күрделене түскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жыл басынан бері 2 ай ішінде жедел респираторлы вирусты инфекциялар жұқтырған 7962 жағдай тіркелген. Бұл көрсеткішті өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда аурушаңдықтың 2,31 есеге жоғарылағанын көруге болады.

Сондай-ақ, науқастанушылардың арасында 14 жасқа дейінгі балалар көп. «Тұмаудың алдын алу мақсатында жергілікті бюджет есебінен қаражат бөлініп, 130 000 доза «Гриппол+» вакцинасы тегін егуге алынды. Вакцина жалпы қала халқының 12%-ын қамтуға жұмсалды. Ақылы түрде жұмыс берушінің есебінен 537 адамға егілді», — деді Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Айгүл Тұрымбетова.

Екпе тәуекел топқа жататын медициналық ұйымдарда диспансерлік есепте тұрған балаларға, алты айдан асқан әлсіреген және жиі ауыратын балаларға, балалар үйлерінің, сәбилер үйлерінің балалары мен қарттар, мүгедектер үйлерінің контингентіне және медицина қызметкерлері мен жүкті әйелдерге егілген.

«Тұмау және ЖРВИ-мен ауырмау үшін салауатты өмір салтын ұстану маңызды. Ол үшін дұрыс ұйқы, дәрумендер мен микроэлементтерге бай салауатты тамақтану қажет. Физикалық белсенділікті арттырып керек. Спортпен шұғылданып, ашық ауада жиі серуендеген дұрыс. Тұмаудан қорғау және басқаларға жұқтырмау үшін қарапайым ережелерді сақтау қажет», -деді ол.

Ал, Шымкент қаласында коронавирустың эпидемиологиялық жағдайы тұрақты. Қалада COVID-19-ға ПТР тексеру 15 зертханада жүргізілуде. Екпе егу жұмыстары да жоспарға сәйкес жүргізіліп жатыр. Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес шектеу шаралары жеңілдетілген.

Дегенмен, медициналық ұйымдарда, қылмыстық-түзеу мекемелеріне барғанда, үй карантині жағдайында бетперде кию талабы өз күшінде қалып отыр.

 

Jasyn

Jasyn

Next Post
Үкімет құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты қандай шаралар қабылдауда

Үкімет құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты қандай шаралар қабылдауда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Қызылордада жеке тұрғын үйде газ жарылып, төрт адам қаза болды

Қызылордада жеке тұрғын үйде газ жарылып, төрт адам қаза болды

4 года ago
Ақмола облысының көлінде толқынның салдарынан жағадан ұзап кеткен  әкесі мен қызы құтқарылды

Ақмола облысының көлінде толқынның салдарынан жағадан ұзап кеткен әкесі мен қызы құтқарылды

3 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In