• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Оқиға

Шымкентте қуғын-сүргін құрбандарының бейітінің үстіне жол салынып жатыр

by Jasyn
06/03/2024
in Оқиға
0
Шымкентте қуғын-сүргін құрбандарының бейітінің үстіне жол салынып жатыр
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте жол-жөндеушілер саяси қуғын-сүргін құрбандары жерленген орынды тапты. Жұмысшылар жол жүргізу кезінде қабірлерге тап болған. Тұрғындар бұған дейін адамдар жерленген жерге тиіспеуді сұраған. Алайда бұған мән бермеген әкімдік жол салу жұмыстарын бастап кеткен, деп хабарлайды Sta 31-арнаның «Информбюро» бағдарламасы.

Ауыл тұрғындары қуғын-сүргін құрбандары Қайтпаста, екі сайдың ортасында атылғанын айтады. Тарихшылардың мәліметінше, мұнда жүздеген адамның мүрдесі жатуы мүмкін.

Жұмыс кезінде жұмысшылар бірнеше шұңқырларды тапқан. Үңіліп қараған олар түбінде адам сүйегінің жатқанын көрген. Полиция шақырылып, мамандар қабірді ашуға кіріскен. 80 жыл өтсе де, қуғын-сүргін құрбандарының сүйектері сол күйі сақталған.

Жол салуға белгіленген жерде мұндай шұңқырлар жиі кездеседі. Тұрғындар ойпаң жерлердің барлығы аршып алынбайынша құрылысқа жол бермейтінін айтады.

«Топографиялық түсірілімде, жоспарда бұл жерде бейттің бар екені көрсетілмеген. Мен ештеңе шеше алмаймын. Әзірге жұмыс тоқтады, жүріп жатқан жоқ. Негізгі жоба берілді, сол бойынша істеп жатырмыз», — дейді мердігер компанияның жер учаскесі басшысы Әлішер Ханалиев.

Жергілікті жұрт мұндағы бейіт санын ешкім нақты білмейтінін айтады. Зұлмат жылдарында мұнда айдалған азаматтардың көбісі қайта оралмаған, сондықтан елді мекенді «Қайтпас» деп атаған екен. Олар адамдар оққа ұшқан киелі жерді қорлауға жол бермейтінін мәлімдеді.

«Сайда жасырын жазалау орындары болған. Түнде бай-кулактарды, оқыған-тоқығандарды алып келіп, көліктің жарығында атып кеткен. Денелерін шұңқырға тастап, бетін шала жауып кете берген», – дейді ауыл тұрғыны Өлмесхан Жәнібеков.

Тұрғындар бұған дейін қала әкімдеріне киелі жерде жұмыс жүргізбеу туралы айтқан екен. Алайда тапсырыс беруші құрылыс басқармасы бұдан мүлде хабарсыз болып шықты. Әзірге құрылыс уақытша тоқтатылған.

«Жобалаушыға ұсыныс беріп, осындай жағдайдың орын алғанын айтамыз, түсіндіреміз. Мүмкіндік болса, жобаны жылжыту, ауыстыру мәселесін қарастырамыз», — деп хабарлады Шымкент қалалық құрылыс басқармасының бас маманы Шәміл Аманқұлов.

Jasyn

Jasyn

Next Post
Елордадағы Нұр-Астана мешітінің атауы өзгерді

Елордадағы Нұр-Астана мешітінің атауы өзгерді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Жамбылда қант қызылшасын өндіруге 8,6 млрд теңге қажет болса, 2 млрд теңге ғана бөлінді

Жамбылда қант қызылшасын өндіруге 8,6 млрд теңге қажет болса, 2 млрд теңге ғана бөлінді

1 год ago
Деньги, наркотики и проститутки: в Таразе «накрыли» притон

Деньги, наркотики и проститутки: в Таразе «накрыли» притон

2 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In