• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Әлеумет

Шымкент қолға тиетін айлығы ең төмен өңірлер қатарында тұр

by Jasyn
06/03/2024
in Әлеумет
0
Шымкент қолға тиетін айлығы ең төмен өңірлер қатарында тұр
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласы «таза» айлықтың көлемі ең төмен өңірлердің үштігіне кірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Ranking.kz ресурсы бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша елдегі орташа айлықтың көлеміне талдау жасады.

«Бүкіл салық төленгеннен кейін қалатын «таза» жалақы мөлшері бойынша түзілген рейтингіде Қазақстан 106 елдің ішінде 80-ші орынға ие болды. Қазақстандықтардың жалақы мөлшері 414,29 долларды құрады.  Ең жоғары жалақы Швейцарияда, Сингапурде және Австралияда тіркелді. Ал төменгі жалақы Шри Ланкада тіркелген. ТМД елдерінің арасында Ресейдің (884,14 АҚШ доллары), Украинаның (512,66 АҚШ доллары) және Армения (420,68 АҚШ доллары) көрсеткіші Қазақстаннан жоғары», — деп жазады Ranking.kz.

Порталдың мәліметіне сүйенсек, елдегі номиналды орташа айлық жылдың бірінші тоқсанында 285,4 мың теңгеге жеткен. «Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 23,7% көп. Айлықтың сатып алу қабілеті шынайы көлемде 12,7% өсті» деп жазылған талдауда.

Өңірлер арасында ең жоғары айлық әдеттегідей Атырау облысында байқалып отыр – 477,9 мың теңге. Бұл елдегі орташа айлық мөлшерінен 67,4% жоғары.

Екінші орындағы Маңғыстау облысында бұл шама – 416,2 мың теңге. Нұр-Сұлтан қаласы 366,5 мың теңгемен үшінші орында тұр. Ал Алматы қаласында айлық көлемі орташа республикалық көрсеткіштен жоғары – 327,5 мың теңге. Ең аз айлық Солтүстік Қазақстан облысында — 203,4 мың теңге.

Сондай-ақ, Шымкент қаласында орташа айлық көлемі 216,9 мың теңге, Жамбыл облысында 220 мың теңге болған.

«Салалар бөлінісінде ең көп жалақы тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу саласында байқалды – 619,4 мың теңге. Бұл орташа республикалық көрсеткіштен 2,2 есе көп. Жылдық өсім 21,5% құрады. Көшбасшы салалардың үштігіне қаржы және сақтандыру қызметі саласы (521,1 мың теңге) және кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет сегменті (416,4 мың теңге) кірді», — деп атап өтті Ranking.kz.

Бұған дейін постдокторанттарға еңбекақысы 500 мың теңге болатын 1000 грант бөлінетіні айтылған еді.

 

Jasyn

Jasyn

Next Post
Депутат сайлаушыларының сенімін ақтамаса, оны лауазымынан босатуға болады — Ерлан Қарин

Депутат сайлаушыларының сенімін ақтамаса, оны лауазымынан босатуға болады - Ерлан Қарин

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Елордада міндетті вакцинацияға қарсы тұрғындар митингке шықты

Елордада міндетті вакцинацияға қарсы тұрғындар митингке шықты

4 года ago
ТЖМ: Жарылыс болған қоймада 500 тоннадан астам тротил болған

ТЖМ: Жарылыс болған қоймада 500 тоннадан астам тротил болған

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In