• RU
Четверг, 5 июня, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home құқық

Шымкент қаласы мен Жамбыл облысында қылмыс деңгейі өскен

Жалпы алғанда 2025 жылдың алғашқы 3 айында Қазақстандағы қылмыс деңгейі 5,8 пайызға төмендеген.

by Jasyn
15/04/2025
in құқық, Топ
0
Шымкент қаласы мен Жамбыл облысында қылмыс деңгейі өскен
0
SHARES
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Нақтырақ айтатын болсақ, ұрлық – 29,3 пайызға, бұзақылық – 32,6 пайызға, мал ұрлығы – 27,6 пайызға, онша ауыр емес қылмыстар – 11,9 пайызға төмендеді. Сондай-ақ аса ауыр қылмыстар – екі есеге азайды.

Алайда кейбір өңірлерде, нақтырақ айтсақ, Шымкент қаласында – 25,8 пайызға, Жамбыл облысында – 21 пайызға, Ұлытау облысында – 13,6 пайызға және Ақмола, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында – орташа деңгейде өсуі байқалады.

– Алаяқтық 3,9 пайызға төмендеді, жалпы келтірілген залал 41,4 млрд теңгені құрады — бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есеге азайды (2024 жылы – 93,7 млрд теңге болатын). Оның ішінде 11,7 млрд теңге өтелді, бұл іс жүзінде өткен жылдың деңгейіне сәйкес келеді. Залалды өтеу бойынша жұмыс күшейтіледі. Әрбір қылмыстық іс – бұл жәбірленушінің тағдыры. Маңыздысы – тек кінәліні жазалау емес, әділеттілікті қалпына келтіру, — дейді Қазақстанның бас прокуроры Берік Асылов.

2025 жылдың бірінші тоқсанында есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес саласында жүйелі және белсенді жұмыс байқалады. Құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың үйлесімді күш-жігерінің арқасында нақты нәтижелерге қол жеткізілді: есірткі қылмыстарын анықтау саны 14 пайызға, оның ішінде сату фактілерін анықтау 13 пайызға артты, 1,5 мыңнан астам іс сотқа жолданды, заңсыз айналымнан 3,3 тоннадан астам есірткі құралдары, оның ішінде героин, гашиш, марихуана және синтетикалық заттар, өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда шамамен екі есеге артық алынды.

Арнайы прокурорлар ірі есірткі дүкендеріне қатысты қылмыстық істерді тергеп-тексеруде. «Ақшаның ізіне түсу» қағидатын іске асыру аясында олар айтарлықтай табыстарға қол жеткізді. Тек үш ай ішінде үшінші тұлғалардың (дропперлердің) атына рәсімделген 12 мыңнан астам банк шоты бұғатталып, 2,1 миллиард теңгеден астам есірткі кірістері анықталды. Олардың 5 миллиард теңгеден астам мүлкі мен 6 миллион АҚШ долларына тең криптовалютасы тәркіленді.

Фото: Stan.kz

Tags: бас прокурор Берік Асылов.криптовалютаҚазақстандағы қылмыс деңгейіқылмыс
Jasyn

Jasyn

Next Post
610 миллиард теңгенің активтері қайтарылды

610 миллиард теңгенің активтері қайтарылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Жамбыл облысы «жасылдан» «сары» аймаққа өтті

Жамбыл облысы «жасылдан» «сары» аймаққа өтті

4 года ago
Асқар Мамин: 600 мың педагогтің  жалақысы 25 пайызға артады

Асқар Мамин: 600 мың педагогтің жалақысы 25 пайызға артады

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In