• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Жасыл экономика

Шу ауданында қуаты 9,2 МВт-тық «Тасөткел» су электр стансасы жұмыс істеп тұр

by Jasyn
06/03/2024
in Жасыл экономика
0
Шу ауданында қуаты 9,2 МВт-тық «Тасөткел» су электр стансасы жұмыс істеп тұр
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгінгі таңда Шу ауданы да мүмкіндіктерінің қолайлылығымен еліміздің энергетика саласына үлес қоса бастады. Онда қуаты 9,2МВт-тық «Тасөткел» су электр стансасы жұмыс істеп тұр. Жобаның инвесторы – «Компания A&Т-Энерго» ЖШС. Бұл гидроэлектр стансасы жылына сағатына 45,6 млн кВт электр қуатын өндіруге қауқарлы.

Өткен жылы Шу ауданындағы «Тасөткел» су электр стансасының екінші кезеңі іске қосылды. Инвестициялық компания өкілдерінің айтуынша, бұл жобаның артықшылығы қыс мезгілінде судың екпіні артады да, осы уақытта қуат көзіне деген сұраныс та жоғарылай түседі. Ал бұл жер облысымыздағы су қоры мол жалғыз нысан болып табылады.

Жалпы ауданда барлығы – 102 су жүйелерінің нысандары бар. Оның 11-і гидротехникалық құрылыс, атап айтқанда, 3 су қоймасы, 4 су бөгеті, 1 су торабы, 3 магистралды канал, сондай-ақ 91 шаруашылық канал бар. Бұл су жүйелерінің 96-ы «Қазсушар» РМК-ң Жамбыл филиалының теңгерімінде. 5 су нысаны «Жамбыл су қоймалары» КМК-ң теңгерімінде болса, 1 нысан жеке меншікте. Ол, яғни жоғарыдағы су электр стансасы орналасқан «Тасөткел» су қоймасы.

Бұл су қоймасында 457 миллион текшеметр су жиналады. Қойма 28261 гектар алқапты сумен қаутуға қауқарлы. «Тасөткел» су қоймасы сол және оң жағалау магистралдық каналдары арқылы аудан шаруашылықтарын сумен қамтамасыз етеді. Тасөткел магистралды каналының ұзындығы –39,035 километр, сол жағалау магистралды каналыңын ұзындығы -38,8, оң жағалау мағистралды каналының ұзындығы — 48,8 км. Жалпы бекітілген көлемі – 34 535 га.

Серіктестік директоры Саид Ахаевтың айтуынша, бұл компания аймақта гидро, жел және күн электр стансаларын салу және пайдаланумен айналысады. «Тасөткел» су электр стансасын салу 2013 басталып, оның құрылысы бірнеше жыл жүргізілген. Жоба құны 1 млд 362,4 млн теңгені құрайды.

Ал серіктестік ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында сағатына 23113681 киловат қуат өндіріп, 391733478,57 теңге табыс тапқан. Электр қуатының 1 кВт/сағат үшін жобаланған тариф құны – 17 теңге. Ал пайдалануға берілген кезеңнен бастап, өтімділік мерзімі 6 жыл. Оның игілігін ауданның тұрғындары көруде.

Jasyn

Jasyn

Next Post
Орман екпелері тұқымбақтарда көбейтілуде

Орман екпелері тұқымбақтарда көбейтілуде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Жамбылдық полиция қызметкерлері «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ облыстық филиалының өкілдерімен бірлесіп жол-көлік оқиғасының алдын алуда

Жамбылдық полиция қызметкерлері «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ облыстық филиалының өкілдерімен бірлесіп жол-көлік оқиғасының алдын алуда

2 года ago
Актриса Ғазиза Әбдінәбиева өмірден озды

Актриса Ғазиза Әбдінәбиева өмірден озды

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In