Рейд нәтижесінде өңір бойынша 233 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, 1 қылмыстық іс тіркелді.
Оның ішінде Шу ауданы алдыңғы қатарда – мұнда 41 дерек анықталған. Бұл аудандар арасындағы ең жоғары көрсеткіш болып отыр.
Бұзушылықтардың басым бөлігі – аң аулау қағидаларын бұзу (171 дерек) және қару айналымы ережелерін бұзу (44 дерек).
Сонымен қатар, 18 дерек заңсыз балық аулауға қатысты болған.
Мойынқұм ауданында тіркелген заңсыз аңшылық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі басталды. Ал соңғы тәуліктің өзінде облыста табиғатты қорғау бағытында полиция қызметкерлерімен 17 құқық бұзушылық анықталды.
Жамбыл облысы Полиция департаменті тұрғындарды табиғатты аялауға, аң және балық аулау кезінде заң талаптарын қатаң сақтауға шақырады.
Фото: Жамбыл облысы Полиция департаменті



