• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Әлеумет

Үш соттық жерден үш тонна өнім алды

by Jasyn
06/03/2024
in Әлеумет
0
Үш соттық жерден үш тонна өнім алды
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Осы бастаманы қызу қолдаған азаматтың бірі Ойық ауылының тұрғыны – Болатбек Тілепбергенов. Ойық ауылы – шалғайдағы шөлейт жер. Ол бірақ, іскер азаматтың қадамына кедергі емес. Болатбек биыл есігінің алдындағы 3 соттық жерге жылыжай орнатып, ақпан айынан бастап көшеттерін отырғызып,  қызанақ пен қияр өсірген. Тамшылатып суару тәсілін қолданады. Жылыжай газбен жылытылады. Жылыжайда өнім өсіру – қиынның қиыны. Көп адам тәуекел ете бермейді.  Боран күндері ондағы көшеттің өсуі қиындап кетеді. Уақтылы жылытып, көз ілмей, күтімін жасауың керек. Болатбек табандылығының арқасында осы жолдардан өтті. Мың түп көшет отырғызған еді. Қазір сол көшеттерінен  3 тонна өнім алып үлгерді. Жеке кәсіпкер жылыжайынан  әлі бір ай өнім алуды көздейді. Болатбек  3 тонна өнімінің  келісін 250 теңгеден өткізсе, 750 мың теңге табады. Әрине, оның 40 проценті шығынына кеткенде де, 450 мың теңге табысқа шығады деген сөз.  «Қолы қимылдағанның, аузы қимылдайды» деген осы. Мұндай  3 соттық жер Ойық ауылының  әр ауласында бар. Бірақ, әр аулада Болатбектей іскерлер жоқ. Ойық ауылдық округінің әкімі Нұржан Мұхтаров: » Болатбек Тілепбергенов жылыжай көлемін 8 соттыққа дейін ұлғайтуға ниетті. Бұл азаматқа аудан әкімдігі тарапынан бірқатар қолдаулар көрсетіледі» деді. Ал шөлейтте жылыжай өсірген Болатбек Тұрғанұлының мақсаты үлкен, жаңашыл істі дамытуға өте ниетті.

— Қазіргі кезге дейін осы 3 соттық жерге шығарған шығыным 1,5 миллион теңге. Көшеттің шығуы, оның күтімін жасау оңай емес. Алғаш жасап жатқан ісім. Басында біраз көшеттерімді ауыртып алдым. Боранды күндері жылыжайдағы көшеттер өсуін тоқтады екен. Сонда да кері шегінбей, алға жүрдім. Дегенмен, пісікшілікке екі аптадай кешігіп қалдым. Ақпанда отырғызған көшеттерім, сәуірдің 20 күні жеміс берді. Арасында қиярдың бағасы арзандап кетті. Осы кезге дейін 3 тонна өнімнен 600 мың теңге тауып отырмын.  Ал кеткен 1,5 миллион теңге шығынымды жылдың соңына дейін өтеймін деген жоспарым бар. Қазір мен де бірқатар мәселе туындап тұр. Біріншісі,  жылыжайымның жылыту қондырғысын жөндеу.  Екіншісі, мемлекет тарапынан берілетін субсидияға ілігу. Жылыжай мәнісін енді түсініп келемін. Қияр дегеніңіз жылдың 12 айында да өсе беретін өсімдік екен. Оған менің жылыжайымның жылыту қондырғысы талапқа сай болмай тұр. Әйтпесе, қыс айында да қияр көшетін отырғызып, өнім алу ойымда бар. Әзірге күздікке тәуекел етіп отырмын. Бастамам ауыл тұрғындарын ойландырып, маған ілесуге ниеттеніп жүргендер бар. Тіпті  Көрші Көшек ауылынан да бір жас отбасы келіп, менен жылыжай өсірудің мән –жайын сұрап кетті. Менікі  әзірге тәжірибе. Өз аулама тәжірибе жасап, өзім де үйрену  үстіндемін. Негізі талпынса, ерінбесе болатын дүние. Тамшылатып суару – ең тиімді тәсіл екен. Оның шығыны да аз. Келесі жылы жылыжай көлемін ұлғайтамын деп отырмын. Қазақта «Диқаншы бір жылда байиды» деген тәмсіл бар ғой, сол рас екен. Енді әкімдік тарапынан қолдау болып, субсидиялау жағынан көмек берсе деген тілегім бар, -дейді Болатбек Тілепбергенов.

 

Tags: Шөлейт жердегі бақша
Jasyn

Jasyn

Next Post
Бірлестіктің жұмысы нәтижелі

Бірлестіктің жұмысы нәтижелі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Таразда әлеуметтік дүкен ашылды

Таразда әлеуметтік дүкен ашылды

4 года ago
Берік Уәли «Хабар» агенттігі» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды

Берік Уәли «Хабар» агенттігі» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды

3 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In