Шерзат Полаттың өліміне қатысты сотталғандардың бірі Думан Ысқақ
бостандыққа шықты, ал осы іс бойынша апелляциялық сот 18 тамызда
қаралады, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы Шерзат Полат жанұясының қорғаушысы заңгер Мейірман
Шекеев мәлімдеді. Думан Ысқақ кәмілеттік жасқа толмаған 434-бап, яғни
ауыр қылмыс туралы хабарламағаны үшін 1 жыл 6 айға бас
бостандығынан айырылған еді.
Бірінші сот үкімімен тағайындалған жазаны өтеп қойғандықтан Алматы
облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының судьясы
Мұсабекованың 2025 жылғы 23 шілдедегі сот қаулысымен бұлтартпау
шарасы жойылып, Ысқақ қамаудан босатылды, – деді Шекеев.
Айта кетейік, дәл осы Думан Ысқаққа сот залында Шерзаттың әкесі
Қаржаубай Нұрымов кешірім бергенін айтқан еді. Ал аппеляциялық
шағымды Шыңғыс Белғожаев пен Думан Ысқақтан басқа жеті сотталған
берді. Енді аппеляциялық сот отырысы 18 тамызда Алматы облыстық
сотының ғимаратында қаралады.
Еске салайық, 5 маусым күні Талдықорғанда кісі қолынан қаза тапқан
жасөспірім Шерзат Полаттың ісі бойынша сот үкімі
шықты. Сотталғандарға 1 жыл 6 айдан 23 жылға дейінгі бас
бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Фото: Dauletten.kz