• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Әлеумет

Шалғай түгілі Тараздың өзінде интернеттен проблема бар

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен кезекті аппараттық кеңесте байланыс сапасын жақсарту мәселелері талқыланды.

by Jasyn
05/07/2024
in Әлеумет, Топ
0
Шалғай түгілі Тараздың өзінде интернеттен проблема бар
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Басқосуда цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Руслан Ноқрабеков елді мекендерді мобильді байланыс және интернет желісімен қамтамасыз ету бойынша есеп берді.

Бүгінгі таңда өңірдегі 367 елді мекеннің 50-і 2G, 69-ы 3G, 248-і 4G мобильді интернетімен қамтамасыз етілген. Талшықты-оптикалық байланыс желісі 371 елді мекеннің 199-на тартылған.

2023-2024 жылдары «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында мобильді операторлар тарапынан 180 елді мекенге 4G базалық станциясын орнату жоспарланған. Бүгінгі таңда 72 елді мекенде тиісті жұмыстар атқарылып отыр.

Ұлттық жобаға сәйкес, 2024-2027 жылдары аралығында өңірдің 170 елді мекені мен сол елді мекенде орналасқан 455 мемлекеттік мекемені талшықты-оптикалық байланыс желісімен қамту жоспарға енгізілген. Ағымдағы жылы 30 елді мекен мен 144 мемлекеттік мекемеде жұмыстар жүргізілетін болады.

Биыл республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бойына 7 антенна-діңгек (АД) орнату жоспарланған. Атап айтқанда, Қордайда – 3 АД, Жуалыда – 1 АД, Меркіде – 1 АД, Т.Рысқұловта – 2 АД орнатылады. Нәтижесінде 449,8 шақырым автожол бойы мобильді интернетпен қамтылады.

Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдар антенна-діңгек құрылысы және электр желісімен қамтамасыз еткен жағдайда 28 елді мекенді 4G мобильді байланысымен қамтамасыз ету көзделуде.

Ербол Қарашөкеев өңірдегі елді мекендерді мобильді және талшықты-оптикалық байланыс желілерімен қамту мәселесі әлі де өзекті екенін атап өтті.

Сондай-ақ 180 елді мекеннің 72-де ғана базалық станция орнатылғанын айта келе, жауаптылардың сылбыр жұмысын сынға алды.

— Тұрғындар тарапынан байланыс пен интернет сапасына қатысты жиі шағым түседі.

Шалғайдағы елді мекендерді былай қойғанда, облыс орталығы Тараз қаласының аумағында ұялы байланыс және интернетпен қамту мәселесі бар.

Қазір елді мекендерді байланыс желілерімен қамтамасыз ету бойынша қандайда бір қорытынды шығарып, баға беруге болмайды, – деген облыс әкімі туындаған өзекті мәселелерді күн тәртібіне шығарып, бақылауда ұстауды басқарма басшыларының есіне салды.

Антенна-діңгек орнатылатын аймақ әкімдеріне жұмыстарды кестеден кешіктірмей, мерзімінде берілуін қамтамасыз ету жүктелді.

Сондай-ақ базалық станциялар орнату жұмыстарына, елді мекендердегі ұялы байланыс және интернет сапасына зерделеу, жоспарланған шараларды мерзімінде атқару міндеті қойылды.

 

Tags: «Қолжетімді интернет» ұлттық жобабайланыс сапасын жақсарту мәселелеріЕрбол Қарашөкеевинтернетмобильді байланыс және интернет желісі
Jasyn

Jasyn

Next Post
Жамбыл облысында 34 заманауи спорт алаңшасы пайдалануға беріледі

Жамбыл облысында 34 заманауи спорт алаңшасы пайдалануға беріледі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Біздің жастар жаңашылдығымен ерекшеленеді

Біздің жастар жаңашылдығымен ерекшеленеді

10 месяцев ago
Жобаға қатысқан жастардың 60 пайызы тұрақты жұмысқа орналасуда

Жобаға қатысқан жастардың 60 пайызы тұрақты жұмысқа орналасуда

8 месяцев ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In