• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Шоу-бизнес

«Сегіз жылдай бөпе көрмедік»: Қыдырәлі Болманов Қарақат екеуінің басына түскен сынақ жайлы айтты

by Jasyn
06/03/2024
in Шоу-бизнес
0
«Сегіз жылдай бөпе көрмедік»: Қыдырәлі Болманов Қарақат екеуінің басына түскен сынақ жайлы айтты
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгінде алты бала тәрбиелеп отырған Қыдырәлі мен Қарақат перзенттеріне оңайшылықпен жетпегендерін айтады. Тұңғыштары Бекболат өмірге келгеннен кейін, жұлдызды жұп сегіз жыл бойы сәби сүйе алмаған. Сол аралықта Әбілдина бірнеше рет түсік тастаған көрінеді. Болмановтың айтуынша, Қарақатты көрсетпеген емханасы жоқ. Осы ретте Қыдырәлі мырза жұбайы екінші ұлына жүкті кезде қандай амалдар жасағанын әңгімеледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Тұңғыш ұлымыздан кейін сегіз жылдай бөпе көрмедік. Ұлы сөзде ұяттық жоқ, түсіп қалғандары да болды. Сегізінші жыл болғанда Қарақатымның Иманалиға аяғы ауырлады. Бірақ тағы да “угроза”, тамақ түгілі, су ішсе де құсатын, қиын токсикоз болды. Көрсетпеген дәрігерім қалмады. Соңғысы профессор, сол кісінің клиникасына жатқыздым. Күні бойы система салады. Ем жасап жатыр ма, түк тамақ іше алмаған соң қоректендіре ме, білмеймін. Бір ай болды, еш өзгеріс жоқ! Қарақатымды бір, іштегі баланы екі ойлап, әбден мазам қашты. Не істерімді білмей, тағы да бала түсіп қала ма деп уайымдап, әбден қиналдым», –  деп көпшілікке жан сырын ақтарды Болманов.

Продюсер қандай сынға түссе де жол табатынын, алайда осы жолы тығырыққа тірелгенін айтты.

«Тек Аллаға жалбарынып, көмек сұраймын. Сөйтіп жүргенде бір кісі телефон шалып: «Мен имам едім айналайын, 6-сәуір (с.а.с.) пайғамбарымыздың туған күні құрметіне мәуліт өткізбекші едік, Республика сарайында 6 сәуірге сіздің концертіңіз тұр екен (Қарақаттың туған күніне, концертімізге бір жарым ай уақыт бар еді), соны басқа күнге ауыстыра аласыз ба?» – деді. «Әрине», –  дедім жұлып алғандай. Алланың Елшісі, асыл Пайғамбарымыз (с.а.с.) туралы айтылғанда кім «жоқ» дейді? Имам батасын жаудырып жатыр.

Енді қараңыз, тура ертеңіне Сауд Арабиясындағы Қазақстан елшісі Қайрат Лама-Шариф (ол кезде ол кісіні танымаймын) аға хабарласты. «Сауд Арабиясының тарихында ешқашан концерт болмаған. Ол жақта кино, театр атымен жоқ. Бірақ биыл бірінші рет сол елдің ханшайымы әр мемлекеттен бір өнер адамын шақырып, қайырымдылық концертін өткізбекші, сол концертке қазақ елінен таңдау сіздерге түсті, келе аласыздар ма?» – деп өтінді. Сол кезде бір үміт оты жылт ете қалғандай болды. Мен бірден: «Біз қасиетті Меккеге бара аламыз ба?» – деппін. Алла салып тұр ғой аузыма. Әрине деді Қайрат ағамыз. «Дубайға түнде келіп, таңда Ряд қаласына келесіздер, бәрін ұйымдастып қоямын, сосын Джидда қаласына ұшасыздар, әрі қарай 70 км жерде қасиетті Меккеде боласыздар» десін. “Келістік», – деп бөлісті Қыдырәлі.

Айта кетейік, Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдинаның төрт ұл, екі қызы бар.

Jasyn

Jasyn

Next Post
Қазақстанда әлеуметтік төлемдердің мөлшері ұлғайтылды

Қазақстанда әлеуметтік төлемдердің мөлшері ұлғайтылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Жамбыл облысында ірі көлемде синтетикалық есірткіні «Telegram» арқылы таратушылар ұсталды

Жамбыл облысында ірі көлемде синтетикалық есірткіні «Telegram» арқылы таратушылар ұсталды

2 года ago
Жамбыл облысында 16 миллион теңгеге героин контрабандасының жолы кесілді

Жамбыл облысында 16 миллион теңгеге героин контрабандасының жолы кесілді

2 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In