• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Әлеумет

Сарапшылар: Күзде елімізде қарақұмық қымбаттауы мүмкін

by Jasyn
06/03/2024
in Әлеумет
0
Сарапшылар: Күзде елімізде қарақұмық қымбаттауы мүмкін
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Елімізде күзде қарақұмық қымбаттап, келісі 800 теңгеге жетуі мүмкін. Себебі, кәсіпкерлер биыл құрғақшылық салдарынан өнім аз шығады деп қауіптеніп отыр деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Телеарнаның дерегінше, егін оратын техникаға қажет дизель құнының өсуі де кері әсерін тигізбей қоймайды. Былтыр осы кезеңде қарақұмықты өсірушілер келісін 150 теңгеден өткізсе, қазір 265 теңгеден сатады. Өңделіп, кептіріліп дүкен сөрелеріне жеткенде, бағасы 400 теңгенің төңірегіне барады.

Қарақұмық негізінен еліміздің солтүстік облыстарында өсіріледі. Қазір дүкен сөрелерінде бұл дақыл жеткілікті. Дүрбелең байқалмайды. Дегенмен ауыл шаруашылығы бойынша сарапшылар бұл дауыл алдындағы тыныштық деп отыр. Себебі, күзде қарақұмық бағасы екі есеге дейін көтерілуі кетуі мүмкін екен.

«Қарақұмық бағасы 700-800 теңгеге дейін жетуі мүмкін. Қымбатшылық қыркүйектің аяғына қарай, яғни биылғы өнім сатыла бастағанда көтерілуі мүмкін. Бағаның өсуіне әсер ететін жағдайлар көп. Оның үстіне қазір бәрі қымбаттап жатыр. Ал, халықтың табысы сол қалпында», — дейді ауыл шаруашылығы бойынша сарапшы Кирилл Павлов.

Дәл қазір елімізде өнімнің келісі шамамен 400 теңгеден сатылып жатыр. Себебі, әзірге сөрелерге былтыр жиналған дақыл тұр. Ал биыл қарақұмық алқабында қолданылатын дизель отынының бағасы едәуір көтерілді. Әрі ауа райы да жығылғанға жұдырық болып отыр. Яғни, құрғақшылық салдарынан өнімнің аз шығу қаупі бар. «Өнім аз шықса, әлбетте баға өседі. Мұндай жағдай соңғы үш жылда қайталанып келеді. Бұған қоса біздегі өнімнің біраз бөлігі сыртқа экспортталып кетеді. Әсіресе Украина мен Өзбекстан қарақұмықты көп мөлшерде сатып алады. Содан да өзімізде тапшылық пайда болып, арты қымбатшылыққа әкеледі», — дейді қарақұмық өңдейтін кәсіпорын құрылтайшысы Дмитрий Тюменев.

Жылдан жылға елімізде қарақұмық егетін алқаптардың аумақтары да тарылып барады екен. Үш жылға дейін сақтауға болатын дақылдың қамбадағы қоры азайған. Ірі дүкендерден вагондап тапсырыс түсіп жатқанымен, сұранысты қанағаттандыратын мүмкіндік жоқ дейді.

Сондықтан шикізатты Ресейден сатып алуға мәжбүр. Қарақұмық өңдеумен айналысатындар тапшылықтың алдын алу үшін ауыл шаруашылығы министрлігі мен президентке де жағдайды тізіп, хат жолдапты.

Jasyn

Jasyn

Next Post
Тоқаев қашықтан жұмыс істеуге қатысты заңға қол қойды

Тоқаев қашықтан жұмыс істеуге қатысты заңға қол қойды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Қазақстанда қанша жеке кәсіпкер тіркелген?

Қазақстанда қанша жеке кәсіпкер тіркелген?

4 года ago
Жергілікті бюджет есебінен күрделі жөндеу өткізіп, ғимаратты өздеріне қайтарып алады

Жергілікті бюджет есебінен күрделі жөндеу өткізіп, ғимаратты өздеріне қайтарып алады

5 месяцев ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In