• RU
Четверг, 3 июля, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Бюджет қаражатын ұтымды және есепті пайдалану салық саясаты

Салықтық әкімшілендіру мәселелері талқыланды

Түркістан облысы Бәйдібек ауданында салықтық әкімшілендіру және субсидия алушыларға қатысты жұмыс мәселелері талқыланды.

by Jasyn
25/06/2025
in Бюджет қаражатын ұтымды және есепті пайдалану салық саясаты
0
Салықтық әкімшілендіру мәселелері талқыланды
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бәйдібек ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Қырғызалиев Бақыт Тұрсынәліұлының төрағалығымен «мемлекеттік бюджеттен субсидия алған салық төлеушілерді әкімшілендіру, тиісті салық міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ жалдамалы жұмысшыларды толық түгендеу мәселелері» бойынша өткен жиынға ауылдық округтердің әкімдері, салық инспекторлары, сондай-ақ аудандық тиісті мекемелердің жауапты мамандары қатысты.

Жиын барысында Бәйдібек аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Сұлтанбек Ердіқалықов баяндама жасап, жоғарыда аталған бағыттар бойынша қазіргі ахуал, проблемалық мәселелер және оларды шешу жолдары туралы ақпарат берді. Ол өз сөзінде субсидия алған әрбір шаруашылық субъектісі салық заңнамасының талаптарына сай міндетті төлемдерді уақтылы және толық көлемде төлеуі қажет екенін атап өтті. Сонымен қатар, тіркелмеген жалдамалы жұмысшыларды анықтау және олардың заңды есепке алынуын қамтамасыз ету жұмыстарының маңыздылығына тоқталды.

Жиын соңында аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Бақыт Қырғызалиев жауапты сала мамандарына нақты тапсырмалар берді. Атап айтқанда, ауылдық округ әкімдері мен салық органдарына бірлесіп жұмыс атқару, түсіндіру жұмыстарын күшейту, салық төлеушілермен жеке жұмыс жүргізу және жалдамалы жұмысшылар бойынша нақты мәліметтер базасын қалыптастыру тапсырылды.

Ал, Түлкібас ауданында ағымдағы жылдың 5 айында жалпы өңірлік өнім көлемі 29,9 млрд теңгені құрады. Сонымен қатар негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі 15 млрд теңгеге жетіп, өсім 81,6 пайызды құрады. Бюджеттің кіріс бөлігінің орындалуы 2,7 млрд. теңге немесе жоспар 116,9 пайызға артығымен орындалған.

Өнеркәсіп – экономиканың қозғаушы драйвері екенін ескере келе, ауданда 2025 жылы жалпы инвестициялық құны 42,5 млрд. теңгені құрайтын 395 жаңа жұмыс орнымен 4 жобаны іске асыру жоспарлануда.

Түлкібас ауданының әкімі Асқар Естібаевтың айтуынша туризм саласы бойынша ауданда 36 туристік нысан (3 қонақ үй, 6 балалар сауықтыру лагері, 2 емдік сауықтыру орталығы, 21 туристік аймақтар мен туристік базалар, 4 киелі аймақ) жұмыс жасайды. 2025 жылы 4 айында жалпы ауданға 5 670 турист келген. Сондай-ақ, 2025 жылы аймақта туризм саласы бойынша жалпы құны 2,3 млрд. теңгелік 3 жоба іске аспақ.

Сонымен қатар, Түлкібас ауданында өнім беріп тұрған 3062,0 гектар алма бауы бар. Оның ішінде, 644 гектар қарқынды бау болып табылады. Қарқынды бауды дамыту нәтижесінде былтыр 16 мың тонна өнім жиналды. Ағымдағы жылы осы көрсеткішті 20,0 мың тоннаға жеткізуді жоспарлануда.

Бүгінгі таңда ауданда 3251 азамат тұрғын-үй кезегінде тұр. Үй кезегінде тұрған азаматтардың өтінішін қанағаттандыру мақсатында ағымдағы жылы республикалық бюджет есебінен қаржы қаралып, бүгінгі таңға 104 пәтерлі 5 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, нәтижесінде 104 отбасы баспанамен қамтылды.

Аудан басшысы Асқар Сұлтанұлы ағымдағы жылы «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында 5 елді мекендегі жалпы ұзындығы 18 шақырымды құрайтын 18 көшенің жөндеу жұмыстарына қаржы қаралды деді.

Сондай-ақ, Кентау қаласы әкімінің уақытша міндетін атқарушы Ғалымжан Төлеповтың төрағалығымен кезекті аппараттық жиын өтті.

Жиынға қала әкімінің орынбасарлары, әкімдік аппаратының басшысы, ауылдық округ әкімдері, бөлім басшылары мен мекеме директорлары қатысты.

Күн тәртібінде Кентау қаласы мен ауылдық округтердің 2025 жылғы 1 маусымға дейінгі бюджетінің орындалу барысы талқыланды. Атап айтқанда, бірқатар көрсеткіштерге ерекше назар аударылды.

Жиын барысында Ғалымжан Әнуарұлы баяндамашылардың ақпараттарын тыңдап, салалық бөлім басшыларына бюджеттің толық орындалуын қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.

Сондай-ақ, көрсеткіштердің орындалуын тұрақты бақылауда ұстау қажеттігін атап өтті.

Фото: Налоги в Казахстане

 

 

 

 

 

Tags: салық төлеушілерді әкімшілендіруСалықтық әкімшілендіру мәселелеріСубсидияТүркістан облысы Бәйдібек ауданы
Jasyn

Jasyn

Next Post
«Түркістанда жайылым тапшылығы шешілмеген күйінде қалып отыр»

«Түркістанда жайылым тапшылығы шешілмеген күйінде қалып отыр»

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

В аэропорту Тараза задержали 15-летнюю пассажирку

В аэропорту Тараза задержали 15-летнюю пассажирку

1 год ago
В Шу обнаружена сумка с боеприпасами

В Шу обнаружена сумка с боеприпасами

2 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In