• RU
Среда, 9 июля, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Бюджет қаражатын ұтымды пайдалану өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы

Салық мәдениетін көтеру — өзекті мәселе болып отыр

Түркістан облысы, Түлкібас ауданы әкімдігінде бюджет кірісін ұлғайту жолдары талқыланды. Аудан бюджетінің кіріс көздерін арттыру – жергілікті дамудың негізгі тірегі.

by Jasyn
08/07/2025
in • Бюджет қаражатын ұтымды пайдалану өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы
0
Өткен жылмен салыстырғанда салықтардың үлесі 5 пайызға азайған
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгінде Түлкібас ауданының жергілікті бюджетінің басым бөлігін мемлекеттік мекемелер, ауыл шаруашылығы субъектілері, жеке тұлғалар мен дара кәсіпкерлер есебінен түсетін түсімдер құрайды.

Осыған орай бүгін аудан әкімі Асқар Естібаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайту, салық төлеушілерді толық тіркеу, аудан аумағындағы мүлікті түгендеу және қайта бағалау жұмыстарының барысы жан-жақты талқыланды.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Н.Елчибаев баяндама жасап, басқарманың 2025 жылға арналған бюджет жоспары мен осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстардың барысын таныстырды.

Аудан әкімі Асқар Естібаев баяндаманы тыңдай келе, кірістер басқармасы тарапынан жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталып, салық түсімін ұлғайту, кіріс көздерін нақтылау және жоспарлы жұмыстарды жедел жүзеге асыру бойынша нақты тапсырмалар берді.

Сондай-ақ, Түлкібаста ХХІ ғасырдың қаржылық триггерлері атты форум өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Заң мен тәртіп» қағидасын ел арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткен форумға облыс әкімдігі жанынан құрылған арнайы мобильді топ өкілдері, аудан аумағындағы барлық мемлекеттік мекеме қызметкерлері, ардагерлер және аудан тұрғындары қатысты.

Заңдылық пен тәртіп кез келген мемлекеттің тұрақты дамуының негізі болып табылады.

Маңызды басқосуда алғы сөз сөйлеген аудан әкімі Аскар Естібаев:

«Бұл – бізге, жергілікті атқарушы органдарға, кәсіпкерлік пен қаржылық жүйе өкілдеріне жүктелген зор жауапкершілік. Бүгінгі форум – осы жауапкершілікті сезініп, нақты қадамдар жасау үшін ұйымдастырылып отыр. Қаржы триггерлері – елдің әлеуметтік-экономикалық ахуалына тікелей әсер ететін басты құралдардың бірі. Оның ішінде салық мәдениетін көтеру, көлеңкелі экономиканы азайту, цифрлық қаржы жүйесін енгізу сынды бағыттар өзекті болып отыр. Біз, аудандық деңгейде де қаржылық тәртіп пен айқындықты қамтамасыз ету үшін жұмыс жүргізіп келеміз. Бұл ретте азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыру, жергілікті бюджеттің ашықтығын қамтамасыз ету және әрбір тиынның тиімді жұмсалуын қадағалау – басты мақсатымыз» —деді.

Сонымен қатар, форумда аудандық Агробизнес және саяхат колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р.Тоғайбеков, аудан әкімдігінің экономика және қаржы бөлімінің басшысы Қ. Егембердиев бүгінде қоғамымыздағы өзекті мәселенің біріне айналып отырған қаржы пирамдасының қаупі, қаржылық сауаттылықтың маңыздылығы жайында баяндама жасап, маңызды ақпаратпен бөлісті.

Негізі бюджеттен бөлінген қаржы халқымыздың әл-ауқатын арттыруға бағытталып, нақты әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуі керек. Бұл бағытта Түлкібас ауданында бірқатар тірліктер атқарылуда. Ауданда қазіргі таңда бюджет қаражаты есебінен мектеп құрылысы жалғасуда.

Түлкібас ауданының білім бөліміне қарасты Қарағашты елдімекенінде орналасқан «Дауан» атындағы жалпы білім беретін мектебіне қосымша 150 орындық мектеп құрылысы қарқынды жүргізілуде. Қазіргі таңда оқу корпусының іргетасы құйылып, спорт залының жастықшасы әзірленген.

Мердігер мекеме «Ar Kua Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Құрылыс жұмыстарының сапасы мен құрылыс материалдырының уақытылы жеткізілуін қадағалау мақсатында бөлім басшысы Д. Қуандықұлы арнайы барып, мекеме жұмысшыларымен жоба бойынша зерделеу жұмыстарын жүргізді. Құрылыс жұмыстары 2026 жылға өтпелі болғандықтан, жылу беру маусымы кезінде 1977 жылы салынған оқу корпусының сыртқы жылу жүйелеріне келетін құбырларын қайта жүргізіп, оқшаулау қажеттілігін ескертіп өтті.

Фото: inbusiness.kz

 

 

 

 

 

Tags: Аудан әкімі Асқар Естібаевауданының жергілікті бюджетісалық төлеушілерді толық тіркеуТүркістан облысы Түлкібас ауданы
Jasyn

Jasyn

Next Post
«Уақыт пен қаражат – текке шашылатын нәрсе емес»

«Уақыт пен қаражат – текке шашылатын нәрсе емес»

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Биылғы ҰБТ сұрақтарында қандай өзгерістер болмақ: Тестілеу орталығының басшысы жауап берді

Биылғы ҰБТ сұрақтарында қандай өзгерістер болмақ: Тестілеу орталығының басшысы жауап берді

4 года ago
Ербол Назарбаев Антикордағы қызметінен босатылған

Ербол Назарбаев Антикордағы қызметінен босатылған

3 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In