• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Медицина

Салтанат Байқошқарова жасанды жолмен алынған ұрықтарын тастап кетіп жатқан жұптарға ашуланды

by Jasyn
06/03/2024
in Медицина
0
Салтанат Байқошқарова жасанды жолмен алынған ұрықтарын тастап кетіп жатқан жұптарға ашуланды
0
SHARES
1
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Репродуктолог Салтанат Байқошқарова елімізде квота арқылы жасанды ұрықтандыруға барып, артық эмбриондарын тастап кетіп жатқан жұптарға үндеу жасады деп жазады KAZ.NUR.KZ .

Еліміздің алғашқы репродуктолог-дәрігері Instagram желісінде тікелей эфир өткізіп, емделушілерге базынасын жеткізді. Айтуынша, жасанды ұрықтандыру жолымен сәбилі болғысы келетін жұптардың қатырылған эмбриондары көп жағдайда іздеусіз қалады. Дәрігердің сөзінше, тастанды эмбриондар — тастанды баламен пара-пар.

«Біздің емханаларда жасанды ұрықтандыру жасатып, ұрықты криоконсервілеп, артынша әйелдің жатырына салу арқылы талай бала дүниеге келіп жатыр. Бірақ кейбір жағдайда артық ұрық қалып қалады. Біздің көмегімізбен дүниеге келген балалардың көпшілігі, 80 пайызы деп айтуға болады, сол криоконсервілеу арқылы жасалған, кезінде қатырылған эмбриондар. Қалайша сол эмбриондарыңызды тастап кетесіздер? Олар сіздің балаларыңыз, ол жай зат емес. «Керегі жоқ, кейін тағы жасап, қатырып аламыз» дегенді айтасыздар. Бұл не деген сұмдық?», — дейді Салтанат Байқошқарова тікелей эфирде

Репродуктолог былтыр квотамен емделуді бастап, оны аяқтамаған әйелді мысалға келтірді. «Былтыр бір әйел квота алған, одан нәтиже болмаған. Бірақ бірнеше эмбрионы қатырылып сақталып тұрды. Енді соны келіп салдырудың орнына қайтадан биылғы жылы квотадан өтіп жатыр екен. Неге ол басталған бағдарламаны аяқтамайды? Сонда ол әйел қатырылған эмбриондарынан бас тартып, оларды тастауға әрекет етіп жатыр ғой.

«Утилизация» деген өз балаларыңызды қоқысқа тастау, соған қию деген сөз. Неге сіздер ақылға салмайсыздар, егер сіздер артық эмбрион болмасын десеңіздер, онда квота алмау керек, басқа шара қолдану керек. Квота алғаннан кейін сізге мемлекеттің қанша ақшасы жұмсалады. Квота мөлшері қазір 950 мың теңге, оның жартысы дәріге кетеді. Сізден шыққан ұрықты біз қатырып қоямыз. Бір рет болмай қалды дейік, неге екінші рет тағы көрмейсіздер? Бір-екі айдан кейін демалып барып қайтадан салуға болады. Қатырылған эмбрионды сұраусыз қалдыру — былайша айтқанда балаларыңызды тастап кетумен тең», — дейді дәрігер.

Салтанат Байқошқарованың сөзінше, кейбір қатырылған эмбрионды сақтау қызметі үшін ерлі-зайыптылар ақы төлемейтін көрінеді. «Эмбрионды криоконсервілеуге, оны ары қарай сақтап, ұстап отыруға қаражат кетеді. Бізде көзге көрінбейтін балалар (ұрықтар) -196 градуста сақталады.

«Утилизацияға» кеткен эмбриондар жаңалықтан оқып жүрген көшеге тастап, терезеден лақтырылған балалармен бірдей. Қазір бізде бір рет квота алып, содан ұрықтары артылып қалса, сол ұрықты бітіргенше бағдарлама аяқталған болып есептелмейді деген мәселе көтеріліп жатыр», — дейді репродуктолог.

Салтанат Байқошқарова екінші рет квота алғысы келіп жүрген әйелдерге оның зардаптары туралы да айтып берді.

«Келесі жылында квота алдыңыз дейік. Оның әурешілігі қаншама, анализ тапсырасыз. Анализден бірнәрсе табылса, оны емдетесіз. Қаншама дәрі ішесіз. Оның бәрі қанша ақша емес пе, зиян емес пе?! Қайтадан наркозға барасыз, қайтадан ауыр-ауыр гормоналды препараттармен стимулияция жасайсыз. Менің айтып жатқаным ауыр болса да, кейбір жандардың санасына кіреді-ау, анау қатып жатқан балаларын іздейді-ау, балаларына жауапкершілікпен қарайды-ау деген үмітіміз бар», — дейді ол.

Дәрігердің сөзінше, келісімшарт бойынша жарты жылдың ішінде эмбрионды ата-анасы іздеп келмесе, оны жоюға тура келеді, себебі, ұстап отыратын жер жоқ.

Репродуктолог донорлық эмбрион туралы да айта кетті. Салтанат Байқошқарова сұраусыз жатқан эмбрионды ата-анасы рұқсат бермейінше ешкімге салып бермейтінін жеткізді.

«Көпшілігі не біреуге қимайды, не өзіне салғызбайды, қоқысқа тастатқызады. Осылайша, біздің жұмысымызды да, өзінің де жұмысын, уақытын еш кетіреді, мемлекеттің ақшасы да кетеді. Міне, осы мәселе бізді қатты толғандырады», — дейді Салтанат Байқошқарова.

Jasyn

Jasyn

Next Post
Сарапшы: Көктемде бір бөлке нанның бағасы 170-200 теңгеге дейін көтеріледі

Сарапшы: Көктемде бір бөлке нанның бағасы 170-200 теңгеге дейін көтеріледі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Қазақстанда күнбағыс майы бір жылда 80 пайызға дейін қымбаттаған

Қазақстанда күнбағыс майы бір жылда 80 пайызға дейін қымбаттаған

4 года ago
Түркістан облысында журналистті өлтіруге тапсырыс берген шенеуніктің кім екені белгілі болды

Түркістан облысында журналистті өлтіруге тапсырыс берген шенеуніктің кім екені белгілі болды

3 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In