• RU
Понедельник, 16 июня, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Ақ самаурын

Сағындырған студенттiк кездер-ай!

by Jasyn
09/04/2025
in Ақ самаурын
0
Сағындырған студенттiк кездер-ай!
0
SHARES
31
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бақытжан Советұлы – белгiлi балалар ақыны Совет Әлiмқұловтың кенже ұлы. «Әке көрген оқ жонар…» деген, әкесiне елiктеп өскен Бақытжан да шығармашылық жолды таңдап, сатирик ақын атанды. Талай жыл «Қазақстан» ұлттық телеарнасының Жамбыл облысындағы меншiктi тiлшiсi қызметiн атқарған Бақытжан ағам бүгiнде Қазақ радиосының облыстағы тiлшiсi. Дүниеде жаны перiште, аңғал, баладай сенгiш екi жан болса соның бiреуi осы Бақытжан, егер жалғыз болса, соның нақ өзi. Бақытжанның әңгiмесiн әсiресе, «Хабар» телеарнасының қызметкері Серiк Әбдуалиев майын тамызып айтады. Бақытжан мен Серiк ҚазГУ-дың журналистика факультетiнде бiрге оқыған. Екi серiнiң студенттiк өмiрiнiң қызықтарын айтып тауысу мүмкiн емес.

 

«Қайта мен оларды қатырып кеттім ғой…»
– Бiрде Бақытжан екеумiз биология факультетiне қыздарға қонаққа бардық, – дейдi Серік Әбдуалиев. – Отырыс соңы сол жатақхана жiгiттерiнiң төбелесiне ұласып, екеумiз қашатын болдық. Далбасалап жүрiп, асханаға кiрiп кетiппiз. Қарасақ, жалғыз терезенiң бiр жағының әйнегi жоқ, орнын жұқа фанермен жауып қойыпты. Соны жұлып алдық. Ендi секiре бергенiмiзде жатақхананың старостасы ұстап алып, тура сол жерде тергей бастады.

— Қай факультетте оқисыңдар?» – дедi алдымен. Мен үндемедiм. Бақытжанға сұстанып қарап едi, «журфак» деп қойып қалды.

— Қай жатақханада тұрасыңдар?» Мен тағы үндемедiм. Бақытжанға қарап едi, лезде «Бесiншi жатақхана» деп жауап бердi. Бiз туралы барлық ақпаратты бiлiп алғанға көңiлiн тоқ санады ма, староста кейiнiрек шегiнiп «Қай бөлмеде тұрасыңдар?» деп артына бұрыла берiп едi, Бақытжан «305 бөлме» дедi де, «қаштық» деп терезеден секiрiп кеттi. Артынша мен де секiрдiм.

Екеумiз бiздiң жатақхананың қасына келiп бiр-ақ демiмiздi алдық. Сол жерде «Бәке, қызықсың ба, қай жерде оқитынымызды, қай жерде тұратынымыздың бәрiн айтып қойдың ғой» деп ренiшiмдi айттым. Сөйтсем, Бакең жан-жағына қарап қойып: «Ой, Серiк, қайта мен оларды қатырып кеттiм ғой… Мен оларға «305-бөлме» деп айтып кеттiм емес пе…» деп өзiнен-өзi мәз болады. Күлкiден iшегiм түйiлiп қалды. Сондағы Бақытжанның «қатырып кеттiм» дегенi екеумiз №306 бөлмеде тұрамыз. Ол «№305 бөлме» деп айтып кетті, тағы ол бөлменiң есiгi тура қарама-қарсы. Сонда 305-ке келген староста қарама-қарсы 306-да тұратын жiгiттердi көрмей қалады екен ғой, ә… Ең болмағанда басқа қабаттағы бөлмелердi айтса да болады емес пе?!. Ай, аңғал досым-ай…

 

Тамаққа тапсырыс берудің әлегі

Бақытжан университетке әскерден кейiн, мен мектептi бiтiре салып түстiм. Әлi есiмде, оқу басталған алғашқы күндердiң бiрiнде Бақытжан үлкендiгiн көрсетiп, асханаға ертiп барды. Қас қылғанда асханада тек орыс әйелдерi жұмыс iстейдi екен. «Ой, армияда орысша сөйлеудi үйрендiк қой» деген Бәкең алдыға түсiп, тамақтарға өзi тапсырыс бере бастады. Бiрiншi, екiншi тамақтарды тарелкаға салып жатқан орыс әйелi бiр кезде Бақытжанға қарап «вам половина или польный?» деп сұрады.

Бәкең аздап ойланып тұрды да «один нормальный, один ненормальный сделайте» деп жауап бердi. Бiз ғана емес, асханадағылар да ду етiп күлiп жiбердi.

 

Қыздармен танысуы да бір қызық…

Тағы бiр курстас жолдасым екеумiз бiр күнi макаронды қуырып, барымызды дастарханға қойып, Алматы инженер және көлiк институтының екi қызын қонаққа шақырдық. Бұл кезде Бақытжан басқа бөлмеде тұратын.

Тамаққа ендi кiрiсе бергенiмiзде бөлмеге Бәкең кiрiп келдi. Сiрә, қарны қатты ашып келсе керек, қыздармен шала-шарпы таныса салып, тамаққа бас қойды. Нанды опырып, макаронды шайнамай жұтып жатыр. «Бәке, тамақтан өлдiң бе, қыздар қонаққа келiп отыр, алдымен осылармен жақсылап таныспайсың ба?» дедiм қағытып. Аузындағысын зорға жұтқан Бәкең ұят болмасын дедi ме «Қыздар, қайда оқисыңдар?» деген сұрақ қойды.

— Алматы инженер және көлiк институтында оқимыз, — дедi екi қыз қосарланып.

Сөйтсе, бар есiл-дертi ауқатқа ауып кеткен Бақытжан ағамыз «Филфагында ма?» деп күйдiргенi бар емес пе? Көлiк институтында филология факультетiнiң болмайтыны аңғал ағамыздың ойына да кiрiп шықпағаны ғой.

 

«Там черный, не боишься?!.»

Алғашқы курста Қостанай облысына ауылшаруашылығы жұмысына бардық. Мен курстағы комсомол ұйымының жетекшiсi едiм. Костюмiмнiң өңiрiнде комсомол значогi қадаулы. Жақын маңдағы кеңшардың орталығында кешке би кешi басталады. Жергiлiктi ауылдың қыздары бiр ауыз қазақша бiлмейдi, сосын өздерi пысық, кез келген ортаны билеп-төстеп кетедi.

Түннiң бiр уағында би аяқталып, Бәкең екеумiз екi қызды шығарып салып барамыз. Мен мектептi жаңадан бiтiрiп келген сарыауыз баламын. Қасымдағы қыз менi құшақтағысы келедi, қолын қағып тастаймын. Ұяттан өртенiп барамын. Бiр кезде қыз құшақтап бетiмнен сүйiп алды. Мұндайды күтпегендiктен қыздың кеудесiнен қатты итерiп жiбердiм. Шалқасынан түскен қыз: «Ты, чо, Серик… Пионер что ли?!» дегенi… Сасып қалған мен «Нет, я комсомол, я в группе комсорг» деп, қараңғыда жағамдағы значоктi көрсетiппiн ғой. «Пионерсiң бе?» дегенi «әлi баласың ба?» дегенi екенiн ол кезде қайдан бiлейiн.

Ауылдың қақ ортасындағы бағанда жарқырап жарық жанып тұратын. Сол жерге келгенде қыздар қош айтысты. Үйлерi ар жақта тиiп тұр. Бiрақ жарықтан сәл аттап шықсаң, ары қарай қап-қараңғы. Сөйтсе, қызды қимаған Бәкең бар орысшасын жинап «Там черный-черный, не боишься?» деп қараңғы жақты қолымен көрсетiп қояды.

Әй, сағындырған студенттiк кездер-ай!

Фото: zhaikpress.kz

 

Tags: әңгіме «Ақ самаурын» кітабынан
Jasyn

Jasyn

Next Post
Соңғы бес жылда Созаққа алғаш рет су келді

Соңғы бес жылда Созаққа алғаш рет су келді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

«Алматы-Анталья» әуе рейсі арқылы 3 келі алтын тасымалдамақ болғандар сотталды

«Алматы-Анталья» әуе рейсі арқылы 3 келі алтын тасымалдамақ болғандар сотталды

4 года ago
Қазақстанда баспана қымбаттауы мүмкін: Шұғыл жиналыс өтті

Қазақстанда баспана қымбаттауы мүмкін: Шұғыл жиналыс өтті

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In