• RU
Вторник, 17 июня, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Қоғам

Сәкен Майғазиев: «Шымкентский вариант» дейтіндерді иттің етінен жек көрем

by Jasyn
06/03/2024
in Қоғам
0
Сәкен Майғазиев: «Шымкентский вариант» дейтіндерді иттің етінен жек көрем
0
SHARES
1
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Сәкен Майғазиев қызметі, шығармашылығы мен өмірлік ұстанымы жайлы баяндады. Өнер адамдарына басшы болуға емес, өнерге қызмет етуді қалайтын өнер өкілі басшылық қызметке келуінің себебін ашып айтты. Одан басқа да жаңалықтарын айтты. Өмірде өзін «Шымкентский вариант» жасайды деп айыптайтындарға өкпелі. «Найман» деп руға бөлетіндерді де жақтырмайтынын айтты.

Бұл туралы әнші «Жиырма бесінші сағат» бағдарламасында айтты деп жазады stan.kz.

«Музарт» тобының мүшесі, әнші, Сәкен Майғазиев жақында Шымкент қаласындағы Шымкент қалалық мәдениет үйіне басшылық қызметке келді. Әншіні мемлекеттен бөлінген қаржыны жұмсады деп айыптағандар табылды. Бұған қатысты Майғазиев толыққанды жауап беріп өтті. Майғазиев басшылық қызметке не себепті келгенін ашып айтты.

«Маған басшылық қызметті ұсынып Шымкентке шақырғанда бір-екі күн ойландым. Анама хабарластым. Анам ауылға жақындайтыныма қуанып, батасын берді. Екінші әйеліммен ақылдастым. Әйелім де Шымкентте жақсы көреді. Баратыныма қуанды. Одан кейін өнердегі ағаларыма хабарласып, кеңес сұрадым. Мейрамбек те, басқа жігіттерді сәттілік тілеп, қолдау көрсетті. Осылайша көптің қолдауымнен Шымкентке бардым.

Мейрамбектің бір сөзі бар. «Өнер адамдары басшылық қызметке келсе, өнерді емес, өнер адамдарын басқаруым керек екен деп ойлайды» дейді. Шындығында да, солай. Мен өнер адамдарын басқаруға емес, өнерге қызмет етуге келдім. Шымкенттің, Түркістанның дамуыма үлес қосайын деп келдім. Ақан ағам «қалай баруды емес, әдемі кетуді ойла» деді. Бұдан артық ешқандай кеңес те, көмек те керек емес деп ойлаймын», — деді Майғазиев.

Сәкен Майғазиев өзінің  халық алдында жүрсе де, жанармайға ақша таппай қалатын кезіміз болады дейді. Ал қарыз сұрайтын адамың — ең жақын адамың деген ойда.

«Өмірде егер біреуден ұялмай қарыз сұрай алсаң — ол сенің ең жақын адамың. Себебі, сен оған ақшаң жоқ екенін ұялмай айта аласың. Оның алдында кішірейе аласың, кемшілігіңді көрсетуға ұялмайсың. Өзің туралы не ойлайды деп қорықпайсың. Жақын адамыңа ғана солай ашыла аласың. Менің небір миллионер достарым бар. Олардан ешқашан қарыз сұрай алмауым мүмкін. Себебі, мен туралы жаман ойлап қалмаса екен, ақшасы жоқ екен деп қалмаса екен деп қорқуым мүмкін. Қандай да бір арада шекара болады. Жақсы жағынан ғана көрініп жүрсем екен деп қорқуым мүмкін», — деді әнші.

Майғазиев өзінің адал жолда қызмет етіп жүргенін айтады. Сондықтан өзі туралы ғайбат айтқандарда, өзін пайдаланып жүргендерде шаруасы жоқ.

«Менің ешкімде шаруам жоқ. Мен ешкім туралы жаман ойламаймын. Мен иман келтірген адаммын. Мен туралы жаман айтатындарда шаруам жоқ. Ең жек көретін сөз — «Шымкентский вариант» деген әңгіме. «Найманский вариант», «Қазақ десе, өзіңе тиеді» деген сөздер. Бұл сөзді иттің етінен жек көрем. Ең сорлы адамның айтатын сөзі. Мені ел ойлайды. Бірден алып, бірге салып, ақша жасап, өз пайдасын жасап қалған адам деп ойлайды. Мен ондай адам емеспін», — деді әнші.

Jasyn

Jasyn

Next Post
Қазақстандықтар қандай газет-журналды көбірек оқиды?

Қазақстандықтар қандай газет-журналды көбірек оқиды?

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин «Екінші республика» ұғымының мағынасын түсіндірді

Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин «Екінші республика» ұғымының мағынасын түсіндірді

3 года ago
Жамбылда жүк көлігінің нөмірін жасырған жүргізуші жауапқа  тартылды

Жамбылда жүк көлігінің нөмірін жасырған жүргізуші жауапқа тартылды

7 месяцев ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In