• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Жасыл экономика

Республикада өндірілетін электр энергиясының 21 %-ы Жамбыл облысының үлесінде

by Jasyn
06/03/2024
in Жасыл экономика
0
Республикада өндірілетін электр энергиясының 21 %-ы Жамбыл облысының үлесінде
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Елімізде табиғат көздерінен балама энергия көздерін өндіру 2010 жылдардан басталды. Оның бұдан ары қарай жедел дамуына Нұр-Сұлтан қаласында өткізілген «ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесі себепші болды. 

Бүгінгі таңда республикамызда жиынтық қуаты 1 984,4 мегаватты құрайтын 127 электр стансасы жұмыс істеуде. Салыстырмалы түрде қарайтын болсақ нысандардың басым көпшілігі Жамбыл, Алматы, Түркістан және Қарағанды облыстарында орналасқан. 

Облыс әкімдігі энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Құдайберген Қорғанбаевтың айтуынша, республикалық 1 984 МВТ-тық жиынтық қуаттың 21 %-ы біздің облысымызға тиесілі екен. Бұл облыстың аталған саладағы өз потенциалын тиісті деңгейде пайдаланып отырғандығын көрсетеді.  

Өткен жылы ел игілігіне берілген үлкен жобаның бірі ол Сарысу ауданындағы 100 МВт-тық «Жаңатас жел электр» стансасы болса, ал биыл Жамбыл ауданындағы 50 МВт-тық «Айша күн шуақ» күн электр стансасы жұмысын бастап отыр. Алғашқысына инвесторлар тарапынан 49, екіншісіне 20 млрд теңге жұмсалған. 

Аймақтағы жел энергиясы потенциалының үлкен болуына орай биыл тағы бір ірі жоба, қуаттылығы 100 МВт-ты құрайтын «Сарысу жел электр» стансасының құрылысы басталып кетті. Бұдан бөлек, Жамбыл ауданындағы Аса ауылында 20 МВТ-тық күн электр стансасын салу көзделуде. Сондай-ақ, Талас ауданында әрқайсысы 4,5 МВт-тық 3 жел электр стансасы, Жуалы ауданында Көксай өзенінде қуаттылығы 13,8 МВт-тық су электр стансасын салу жоспарланған. Аталған 6 жоба пайдалануға берілген уақытта, облыстағы баламалы энергия көздерінің қуаттылығы қосымша 177,4 МВт-қа артып, 565,2 МВт-тық-қа жетпек. 

Tags: «Сарысу жел электр»«ЭКСПО – 2017»Алматыбалама энергия көздеріЖамбылҚарағандыҚұдайберген ҚорғанбаевТүркістанэлектр энергиясы
Jasyn

Jasyn

Next Post
Жамбыл облысында шекарадан заңсыз өткені үшін көрші мемлекеттің азаматшасы ұсталды

Жамбыл облысында шекарадан заңсыз өткені үшін көрші мемлекеттің азаматшасы ұсталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Қазақстанда қанша соғыс ардагері қалды?

Қазақстанда қанша соғыс ардагері қалды?

1 месяц ago
«Жастар Рухы» — жастардың рухын көтеретін ұйымға айналды

«Жастар Рухы» — жастардың рухын көтеретін ұйымға айналды

9 месяцев ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In