• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home білім

РЕСЕЙДІҢ ЖЕТЕКШІ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТТЕРІ «БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ОҚЫТАТЫН ЖОО-ЛАР ТІЗІМІНЕ ЕНДІ

by Jasyn
06/03/2024
in білім
0
РЕСЕЙДІҢ ЖЕТЕКШІ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТТЕРІ «БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ОҚЫТАТЫН ЖОО-ЛАР ТІЗІМІНЕ ЕНДІ
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Тізімге барлығы 27 елден 200-ден астам университет енгізілген. Енді техникалық бағыттағы мамандарды даярлайтын тізімге ресейлік ЖОО-лардан Н.Е.Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университеті, «MИФИ» Ұлттық зерттеу ядролық университеті, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті, Санкт-Петербург мемлекеттік университеті және Мәскеу физика-техникалық институты енді.

Сондай-ақ министрлік қазіргі уақытта «МИСиС» Ұлттық зерттеу техникалық университетін және ИТМО Ұлттық зерттеу университетін тізімге енгізу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

«Болашақ» алдағы уақытта ауқымын басқа елдермен және университеттермен кеңейтетінін атап өткен жөн.

«Жалпы алғанда тізімде әлемнің 30-ға жуық мемлекетінің 200-ден астам үздік университеті бар. Қазақстандықтарға мемлекетпен қатар жоғары оқу орнын таңдаудың үлкен мүмкіндігі ұсынылып отыр. Біз тек өткен жылы ғана тағы төрт мемлекетті қосып, бағдарлама ауқымын кеңейттік. Олардың ішінде Австрия, Чехия, Ирландия мен Оңтүстік Африка бар. Сондай-ақ «Болашақ» бағдарламасы бойынша Гарвард университетіне, Массачусетс технологиялық институтына, Оксфорд университетіне немесе Принстон университеті және тағы басқаларына оқуға түсу мүмкіндіктері бұрынғыдай қала береді. Әлемнің 200-ден астам ЖОО-сы бар тізім Ресейдің үздік жоғары оқу орындарымен тағы толыққаны біздің түлектерге университет таңдау мүмкіндігін одан әрі ұлғайтып, техникалық бағыттар бойынша білім алудың қолжетімділігін арттырады. Бұдан бөлек біз техникалық бағыттағы мамандықтарға басымдық беріп отырмыз», – деді Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.

Tags: "болашақ" бағдарламасы
Jasyn

Jasyn

Next Post
Илон Маск күннен қуат алатын телефон ұсынды

Илон Маск күннен қуат алатын телефон ұсынды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

СҚО трассасында департамент көлігіне оқ атылған: Тергеу басталды

СҚО трассасында департамент көлігіне оқ атылған: Тергеу басталды

3 года ago
Қазақстанда адам азаптау бойынша сотталғандар саны қанша?

Қазақстанда адам азаптау бойынша сотталғандар саны қанша?

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In