• RU
Воскресенье, 18 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Ауыл шаруашылығы

Ресей Қазақстанның астығы мен ауылшаруашылығы өнімдеріне шектеулер қойды

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Respublica партиясы фракциясының жетекшісі Айдарбек Қожаназаров Үкімет жетекшісіне депутаттық сауал жолдады. 

by Jasyn
16/10/2024
in Ауыл шаруашылығы, Саясат, Экономика
0
Ресей Қазақстанның астығы мен ауылшаруашылығы өнімдеріне шектеулер қойды
0
SHARES
1
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

2024 жылдың 23 қыркүйегінен бастап Ресей Федерациясы Қазақстанның астығы мен ауылшаруашылығы өнімдерінің Ресей аумағы арқылы өтуіне біржақты шектеулер енгізді, — дейді депутаттық сауалында Айдарбек Қожаназаров. -Осы теріс шешімнің нәтижесінде астыққа, дән өнімдеріне, күнбағыс тұқымына, қызанақ, бұрыш және басқа да өнімдерге фитосанитарлық сертификат беру тоқтатты. Халықаралық келісімдер жайына қалды. 

Нәтижесінде осындай кедергілер біздің елдің ауылшаруашылығы саласына, жалпылай алғанда экономикамызға салмақ салып отыр: Қазақстандық экспорттаушылар үлкен қаржылық шығынға ұшырады; вагондар тоқтап қалды, өнімдерді жеткізу мерзімі өтіп жатыр. Жалпы алғанда келісімшартта көрсетілген міндеттемелер бұзылды. Біздің елдің азаматтары сол үшін айыппұл арқалап, қарайған шығынға батып жатқан жайы бар. Сөзіміздің дәлеліретінде Сізге нақты жағдайларды осы құжатқа қосып жолдаймыз.

Россельхознадзордың осындай әрекеті биыл жинадық деп жар салған 25,2 миллион тоннаға дейінгі астықтың бұзылу қаупін төндіріп отыр. Тағы да сападан ұтыламыз, уақыт жоғалтамыз. 

Бұл асыра айтылған әңгіме емес, бірақ ала жаздай бел жазбай еңбек еткен диқандардың еңбегі зая кетудің алдында тұр. Қысқасы, Россельхознадзор енгізген шектеулер Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың талаптарын бұзып тұр. Онымен қоймай Еуразиялық Экономикалық одаққа мүше елдер арасындағы тауарлар мен транзиттің еркін қозғалысының басты принциптеріне қайшы келіп отыр.

Ендігі мәселе, осыншама экономикалық залалды ескере отырып «Respublica» партиясының фракциясы Үкіметке төмендегі мәселелер бойынша тез арада шешім қабылдауды сұрайды:

  1. Ресей Федерациясымен ресми келіссөздерді бастау керек. Қазақстандық өнімнің транзитіне негізсіз фитосанитарлық шектеулер жойылсын. Егер Россельхознадзор бұл талабымызды орындаудан бас тартса, бұл мәселе Еуразиялық экономикалық одақтың сот алқасында қаралуы қажет;  
  2. Олай болса біз де қарап отырмайық, тәуелсіз мемлекетпіз, өз билігіміз өзімізде. Ендеше Қазақстан арқылы өтетін ресейлік өнімдердің транзитіне тарифтерді қайта қарау керек. Керек болса жоғарыдағы мәселелершешілгенге дейін көрші елдің тауарларын Қазақстан нарығына кіруін шектеу сияқты қарсы шараларды енгізу қажет;
  3. Россельхознадзордың әрекеттерінен зардап шеккен қазақстандық экспорттаушылар бар. Өз азаматтарымыздың мүддесін заңмен қорғауды қамтамасыз етуіміз керек. Жетпей қалған тауарлардың кідірісі мен бұзылуына байланысты шығындарды өтеу үшін ресейлік серіктестерге талап қойылсын;
  4. Қазақстандық өнімнің экспорты үшін басқа да логистикалық бағыттарды іске қосуымыз керек. Мысалы Каспий теңізі арқылы Әзірбайжан, Иран және Түрікменстанның қатысуымен тасымалдауды ұйымдастыру қажет. Керек болса өнім тасымалы үшін субсидия қарастырыңыздар. Бұл Ресейлік транзитке тәуелді болудың жолын кеседі;
  5. 5. Қытаймен ынтымақтастықты жандандырып, Қазақстан астығы мен басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерін импорттауға арналған квоталарды ұлғайту мәселесін қарау қажет.

Фото: Ulysmedia

Tags: Ауыл шаруашылығыҚазақстанРесей
Jasyn

Jasyn

Next Post
Өз кәсібін ашу – әрбір жастың арманы

Өз кәсібін ашу – әрбір жастың арманы

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Мәжіліс депутаты зейнеткерлердің қарызын кешіруді ұсынды

Мәжіліс депутаты зейнеткерлердің қарызын кешіруді ұсынды

2 месяца ago
Таразда түнде көшелер мен көңіл көтеру орындарында жүрген 1000-ға жуық жасөспірім анықталды

Таразда түнде көшелер мен көңіл көтеру орындарында жүрген 1000-ға жуық жасөспірім анықталды

12 месяцев ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In