• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Экономика

Ресей мен Украина арасындағы соғыс аяқталса, теңге қайта күшейеді — Экономист

by Jasyn
06/03/2024
in Экономика
0
Ресей мен Украина арасындағы соғыс аяқталса, теңге қайта күшейеді — Экономист
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Алдағы уақытта доллар бағамы қандай болады? 1000 теңгеге дейін жетуі мүмкін бе? Экономист Мақсат Халық Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында жауап берді.

Елімізде және әлемде орын алған соңғы жағдайларға байланысты доллар бағамына қатысты алып-өашпа әңгімелер көптеп таралуда. Сондай ақпараттардың бірінде доллардың құны 1000 теңгеге дейін баратыны айтылған. Мақсат Халықтың айтуынша, мұндай болжамның ешқандай экономикалық негізі жоқ.

Ал бұл сөзді таратып жүргендерді «ақымақ адам» деп айтуға болады. Десе де, экономист теңгенің жағдайына қатысты нақты болжам жасау қиын екенін растап отыр.

«Бірақ сценарийлер мынадай: Егер Ресей мен Украина арасындағы соғыс жалғаса беретін болса, әрине ол біздің теңгемізге тағы қысым түсіреді.

Салмақ түсіріп тұрған тағы бір фактор Американың федералды жүйесі доллардың пайыздық мөлшерлемесін көтереді. Ол доллардың құны өседі деген сөз.

Олай болса, онда өзге елдердің валюталарының бәрі құнсызданатын болады. Сондықтан бұл жерде көңіл бөлетін маңызды мәселе — алдағы уақытта теңге тағы құнсыздануы мүмкін.

Бірақ олар қанша пайызға өсіреді? Егер 0,5 пайыз көлемінде өссе, ол қатты әсер ете қоймайды. Ал егер 1 пайыздан жоғары болса, теңгемізге әсер етеді.

Ресей мен Украина арасы нақты келісімге келсе, теңгеміз қайта күш ала бастайды. Бұл сценарийді жоққа шығара алмаймыз, өйткені мұнайдың бағасы рекордтық көрсеткіште болып отыр.

Ол деген сөз, Қазақстанның сыртқы экспорттық әлеуеті жақсарады, теңгеге де оң әсерін тигізеді», — дейді Мақсат Халық.

Сондай-ақ, маман күн санап бағасы шарықтап бара жатқан көліктерге қатысты пікір білдірді.

«Еуразиялық экономикалық одақ аясында Ресейден арзан көлік алып үйреніп қалдық. Ал енді қарасақ, ол көліктерді Ресейдің өзі құрастырмайды екен. Олар құраушы бөлшектерді шетелден алып келеді.

Соның нәтижесінде Ресейдің «Автопромы» тұрып қалды. Соның бәрі көлік бағасының өсуіне әсер етті», — дейді экономист.

Jasyn

Jasyn

Next Post
Президент Жақанов пен Шармановқа «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын берді

Президент Жақанов пен Шармановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Мемлекеттік қолдаудың тиімділігі әлі де күмән тудырады

Мемлекеттік қолдаудың тиімділігі әлі де күмән тудырады

2 месяца ago
Қазақстан даласына ғарыш кемесі қонды

Қазақстан даласына ғарыш кемесі қонды

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In