• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Енді не істейміз?

Қызметтік көлікпен жеті түнде қыдырып жүрген бастық па, әлде шопыр ма?

Жамбыл облысында қызметтік автокөліктерді қызметтен тыс уақытта пайдаланудың 22 фактісі анықталды.

by Jasyn
02/08/2024
in • Енді не істейміз?, Топ
0
Қызметтік көлікпен жеті түнде қыдырып жүрген бастық па, әлде шопыр ма?
0
SHARES
669
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысындағы Әдеп жөніндегі кеңес отырысында баяндама жасаған Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Еламан Інжаттың айтуына қарағанда Жамбыл облысы әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасының қызметтік автокөлігі (мемлекеттік нөмері 594AS08) ағымдағы жылдың 4 сәуірінде түнгі сағат 00:44-те, яғни жұмыстан тыс уақытта Тараз-Қайнар тас жолының 476,55 шақырымында жылдамдықты асырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғандығы анықталып, салынған әкімшілік  айыппұлдың мөлшері 36 920 теңгені құраған.

Сондай-ақ, Байзақ ауданы Дихан ауылдық округі әкімі аппаратының қызметтік автокөлігі (мемлекеттік нөмері 956АН08) ағымдағы жылдың 30 наурызында сағат 15:56-да (демалыс күні) Батыс Еуропа Батыс Қытай тас жолының 351 шақырымында (Ақтоған ауылы) жылдамдықты асырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғандығы анықталып, салынған әкімшілік  айыппұлдың мөлшері 18 460 теңгені құраған.

Осылайша Меркі ауданы әкімі аппаратының қызметтік автокөлігі (мемлекеттік нөмері 087JO08) ағымдағы жылдың 21 сәуірінде түнгі сағат   03:19-те (демалыс күні) Алматы-Бішкек тас жолының Қаскелең қаласына қарай бағытта жылдамдықты асырғаны үшін,

Жамбыл ауданы әкімі аппаратының қызметтік автокөлігі (мемлекеттік нөмері 074JO08) ағымдағы жылдың 4 мамырында кешкі сағат   19:00-де (демалыс күні) Тараз қаласында жылдамдықты асырғаны үшін,

Қордай ауданы әкімі аппаратының қызметтік автокөлігі (мемлекеттік нөмері 053JO08) ағымдағы жылдың 16 маусымында түнгі сағат   02:11-де (демалыс күні) Тараз қаласында жылдамдықты асырғаны үшін,

Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімінің қызметтік автокөлігі (мемлекеттік нөмері 455AF08) ағымдағы жылдың 5 мамырында кешкі сағат 18:40-де (демалыс күні) Тараз қаласында жылдамдықты асырғаны үшін,

Шу ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің қызметтік автокөлігі (мемлекеттік нөмері 696AN08) ағымдағы жылдың 23 мамырында түнгі сағат 00:13-де (жұмыстан тыс уақытта) Батыс Еуропа — Батыс Қытай тас жолының Кенен ауылында жылдамдықты асырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғандығы анықталып, әр көлік жүргізушісіне 18 460 теңге көлемінде әкімшілік  айыппұл салынған.

Ал, Мойынқұм ауданы әкімі аппаратының қызметтік автокөлігі (мемлекеттік нөмері 118JO08) ағымдағы жылдың 25 наурызында таңғы сағат 06:19-да (мереке күні) Меркі-Шу-Бурылбайтал тас жолының 191 шақырымында жылдамдықты асырғаны үшін,

Жуалы ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметтік автокөлігі (мемлекеттік нөмері 113AP08) ағымдағы жылдың 11 наурызында таңғы сағат 05:05-те (жұмыстан тыс уақытта) Шымкент-Тараз тас жолының 534,62 шақырымында жылдамдықты асырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 36 920 теңге әкімшілік  айыппұл салынған.

Жалпы қызметтік автокөліктерді қызметтік емес мақсаттарда пайдалану фактілері Жамбыл облысының Жамбыл ауданында – 4 факті, Меркі ауданында – 3 факті, облыс әкімдігінің білім басқармасына қарасты бөлімдерінде –  3 факті, Байзақ ауданында – 2 факті, Мойынқұм ауданында – 1 факті орын алған.

Айта кететін бір жәйт, бұл фактілер жол бойындағы бейнекамералар арқылы анықталған. Сондықтан бейнекамера арқылы дәл сол көлікте сол уақытта мекеме басшысы болды ма, жоқ па анықтау мүмкін емес. Әрине, басшысыз шопырдың демалыс немесе қызметтен тыс уақытта және тіптен алыс жақта қыдырып жүруі мүмкін емес сияқты.

Дегенмен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысындағы Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Руслан Шарипов қызметтік автокөліктерді қызметтік емес мақсаттарда пайдаланған осынау фактілерді жіті тексеріп, қызметтік көлік демалыс күндері басқа жақта не мақсатпен жүргені және кімнің кінәлі екені нақты дәлелденуі керек екенін айтты. 

Шынында басшының рұқсатынсыз қызметтік көліктің жүргізушісі түн ішінде тіптен алыс жақта өзінің шаруасымен қыдырып жүруі мүмкін бе?

Қызметтік көлікпен түн ішінде қыдырып жүрген бастық па, әлде шопыр ма?

Фото: OLX.kz

Tags: Жамбыл облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігіҚызметтік көлік Тараз
Jasyn

Jasyn

Next Post
Жастар кәсіпкер болғысы келеді, бірақ неден бастау керек?

Жастар кәсіпкер болғысы келеді, бірақ неден бастау керек?

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Әскерге шақырушыларды медициналық тексеруден өткізу неге қиын?

Әскерге шақырушыларды медициналық тексеруден өткізу неге қиын?

7 месяцев ago
ДДСҰ басшысы: COVID-19 пандемиясы таяуда аяқталмайды

ДДСҰ басшысы: COVID-19 пандемиясы таяуда аяқталмайды

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In