Ол үшін мемлекеттік органдар Қазақстаннан «Достық»автомобиль өткізу пунктінде шыққан кезде автомобиль көлік құралдарын өткізуді ұйымдастырудың Уақытша схемасын бекітті. 23 қарашадан бастап Qoldau.kz не «CargoRuqsat» мобильді қосымшасы (IOS немесе Android) платформасының автоматтандырылған электрондық кезек жүйесі қолданылатын болады.
Электрондық кезек жүйесін құрудың мақсаты көлік құралдарының, жүктер мен тауарлардың өткізу пунктіне кіру кезектілігін қалыптастыру процесінің ашықтығы мен цифрландырылуын қамтамасыз ету, сондай-ақ елдің транзиттік-көліктік және экспорттық әлеуетін арттыру болып табылады.
Жүйені ҚР ҚМ «Ақпараттық-есепке алу орталығы» АҚ мамандары әзірледі. Бұл жүйе барынша ыңғайлы және ашық болып табылады, жүргізуші көрсетілген порталда тіркелгеннен кейін немесе мобильді қосымша арқылы жол жүру үшін бос күн мен уақытты таңдайды. Бұл ретте жүргізуші өз кезегі туралы СМС-хабарлама алады
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін шекарада электрондық кезек жүйесін іске қосуды Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 20 қазанда Жетісу облысының жұртшылығымен кездесу барысында тапсырған болатын:
«Тағы бір өзекті мәселе – карантиндік шектеулерге байланысты қазақстан-қытай шекарасындағы өткізу пункттерінің жұмысының күрт баяулауы. Жүргізушілердің әділ наразылығын тудыратын жүк көліктерінің топталуы бар. Жағдайды түзету үшін «Алакөл» және «Нұр жолы» шекаралық өткізу пункттерінде электрондық кезекті енгізуді жеделдету қажет,- деп тапсырды Мемлекет басшысы.
Уақытша схемамен ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми интернет-ресурстарында (kgd.gov.kz) және веб-сайт CargoRuqsat.kz (CGR.qoldau.kz) танысуға болады.
Бүгінгі күні қолданыстағы журналға тіркеу және «Достық» өткізу пунктінде қағаз рұқсаттамаларды беру 2022 жылғы 22 қарашадан бастап тоқтатылады. Қағаз тасығыштағы кезектің қолданыстағы тізімі цифрландырылып және ақпараттық жүйеге енгізілетін болады.