• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Экономика

Қытайда Нұрсұлтан Назарбаев атындағы ғылыми-инновациялық зертхана ашылды

by Jasyn
06/03/2024
in Экономика
0
Қытайда Нұрсұлтан Назарбаев атындағы ғылыми-инновациялық зертхана ашылды
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қытайда ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев атындағы ғылыми-инновациялық зертхананың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Зертханнаның құрылтайшылары – «G-Global» халықаралық хатшылығы және оның ҚХР-дағы стратегиялық серіктесі «China Silk Road Group» компаниясы. Іс-шараға Нанкин қаласы «Цзянбэй» жаңа ауданы әкімшілігінің және Бейжің қаласы «Чжунгуанцунь» ғылыми-технологиялық паркінің өкілдері, Қазақстанның ҚХР-дағы Елшілігінің дипломаттары, сондай-ақ қытайлық БАҚ тілшілері қатысты.

«Зертхананың негізгі міндеті ауқымды зерттеулерді, оның ішінде заманауи «блокчейн» технологияларын, жасанды интеллект пен «үлкен деректерді» пайдалана отырып жүзеге асыру арқылы қытайлық «Бір белдеу, бір жол» бастамасы және қазақстандық «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жобаларды ілгерілету, сондай-ақ ғылыми сүйемелдеуге практикалық жәрдемдесу болып табылады. Бұл жұмысқа екі елдің жетекші ғалымдары мен практиктері белсенді түрде тартылады», — делінген СІМ ақпаратында.

«G-Global» халықаралық хатшылығы 2019 жылдан бастап «Бір белдеу, бір жол» бастамасы серіктестерінің құрамына кіреді. Оның «Жібек жолы» жаһандық сыйлығы және «Жаһандық Жібек жолы – қала әкімдерінің форумы» сияқты жобаларын «Бір белдеу, бір жол» бастамасының 2-ші форумының қатысушылары тарапынан қолдау тауып, қорытынды құжатының мәтініне енгізілді.

 

 

 

Jasyn

Jasyn

Next Post
Мәскеуде Томирис Байсафаның өліміне күдікті ақталып шықты

Мәскеуде Томирис Байсафаның өліміне күдікті ақталып шықты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Дарынды жастар үшін мемқызметтің есігі әрдайым ашық

Дарынды жастар үшін мемқызметтің есігі әрдайым ашық

10 месяцев ago
Спорт – жастардың серігі

Спорт – жастардың серігі

6 месяцев ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In