Алматыда ОМОН тобы ұстап әкеткен ММА файтері, аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов босатылды. Бұл туралы журналист Бибігүл Дәулетбекқызы Facebook-те хабарлап, елден сүйінші сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Халайық! Қуат Хамитовты үйіне жіберіпті! Сүйінші!» – деп жазба қалдырды ол.
Бұған дейін де журналист Хамитовтың бейбіт шеруге шыққанын жазып, оны босатуды талап еткен еді.
Қуаттың босатылғаны жайлы ақпарат Instagram-дағы пабликтерде де тарап жүр. Сондай-ақ спортшының қан-жоса болған суреті де желіде тарап кеткен.
Айта кетейік, Қуаттың қамалғаны жайлы 11 қаңтар күні белгілі болған еді.