• RU
Воскресенье, 29 марта, 2026
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көру
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көру
JASYN
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көру
Home Әлеумет

Құрбан айт жақындады: Елімізде мал бағасы қанша

бойынша Jasyn
06/03/2024
in Әлеумет
0
0
Бөлісу
0
Қаралған
Share on FacebookShare on Twitter

Биыл Құрбан айттың бірінші күні 20 шілдеге түсіп тұр. Бұл туралы  Sputnik Қазақстан жазады.

Құрбандыққа қой, ешкі, ірі қара немесе түйе шалуға болады. Жылқы шалынбайды.

«Қой мен ешкі бір адамның атынан бауыздалады. Мысалы, бір отбасын бір адам асыраса, сол кісі шалады. Ал егер бір отбасыда бірнеше адамның жеке бизнесі болып, әрқайсысы нисаб мөлшеріне жетсе, олар бөлек-бөлек шалады. Осы жағын ажырата білу керек», — деді»Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Бақытжан Өткелбаев.

Оның сөзінше, көзі көрмейтін, бір көзі жоқ, ақсақ, тым арық, өздігінен мал соятын жерге бара алмайтын, құлағы кесілген, желіні кепкен, құйрығы немесе құлағының үштен бір бөлігінің көбі кесілген малды құрбандыққа шалу дұрыс емес.

Бірақ мүйізі жоқ, құлағы жарылған, тесілген малды құрбандыққа шалуға болады. «Мүйізінің жоқтығы немесе ен салынғаны кедергі емес. Сонымен қатар піштірілген мал да  құрбандыққа жарайды», — деді наиб имам.

Шариғат бойынша құрбандыққа шалынатын қой мен ешкі бір жасқа жетуі керек. Егер алты айлық болса, бір жасқа толған қой сияқты семіз, етті болуы шарт. Ал сиыр екі жасар, түйе бес жасар болуы қажет. Нұр-Сұлтан қаласындағы «Шанхай» мал базарында құрбандыққа жарамды қойдың бағасы 50 мың теңгеден басталады. Ең қымбаты – 70 мың теңге. «Негізі, біздің мал базарда 40-45 мың теңгенің қойлары да бар. Алайда олардың жасы алты айға толмаған, яғни құрбандыққа жарамайды. Алты-жеті айлық қойлар 50 мыңнан сатылып жатыр. Бір жастан асқандары 65-70 мың теңге төңірегінде саудалануда», — деді «Шанхай» мал базарының ұйымдастырушысы Балымбек.

Оның сөзінше, ірі қараға да тапсырыс жоқ емес. Сиыр бағасы – 300 мыңнан 400 мың теңгеге дейін. Ешкі малы саудада жоқ.

Бақытжан Өткелбаев Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Құрбан айт қарсаңында шаруа қожалықтарын аралап, мал бағасын келіскенін жеткізді.

«Биыл ұсақ малдың бағасы 70 мың теңге, ал ірі 420 мың теңге деп белгіледік. Мал бағасы алдын ала зерттеліп, ірі шаруа қожалықтарымен келісімшартқа отыру арқылы осы бағалар бекітілді. Әйтпесе мал қазір тым қымбаттап кетті. Осы уақытта 70 мыңға бір жасар қойды таба алмайсыз. Сол үшін бұл да халық үшін жасалып отырған жақсылық», — деді «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы.

Jasyn

Jasyn

Келесі пост

Түркістан әкімі жер кезегінде тұрғандарға қатысты мәлімдеме жасады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Токио Олимпиадасы тоқтатылуы мүмкін

Токио Олимпиадасы тоқтатылуы мүмкін

5 года бұрын
Қазақстанда бәсекелестікті дамытудың 2025 жылға дейінгі ұлттық жобасы жасалды

Қазақстанда бәсекелестікті дамытудың 2025 жылға дейінгі ұлттық жобасы жасалды

5 года бұрын

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көру
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In