ҚР Президенттік орталығы директорының орынбасары Ботагөз Қайыпова өзінің сөзінде Орталық түрлі бірлескен іс-шаралар ұйымдастыра отырып, қосымша білім беру мекемелеріне қолдау көрсетіп келетінін атап өтті. Ал бүгінгі көрменің басты мақсаты – оқытушы-суретшілердің шығармашылық іске асырылуын ынталандыру мен Қазақстандағы бейнелеу өнерін насихаттау.
Астана қаласының балалар көркемсурет мектебі — ЮНЕСКО клубының директоры Гүлзия Исенованың айтуынша, бүгінгі көрме аясында көруге болатын туындыларының авторлары нағыз талантты және жан-жақты дамыған тұлғалар. Өйткені, олар жас қазақстандықтарды көркемдік шеберлікке үйретіп қана қоймай, өз шығармашылық дамуына да көңіл бөледі.
Елорда оқытушы-суретшілері арасындағы «Ұлы Дала бояулары» байқауына ҚР оқытушы-суретшілерінің Халықаралық одағы мен Астана қаласының балалар көркемсурет мектебі — ЮНЕСКО клубы бастамашы болып, байқау 2023 жылдың қыркүйек айында жарияланған болатын.
Қазылар алқасы қатысушыларды келесі критерийлер бойынша бағалады: ой мен орындаудың өзіндік ерекшелігі, көркемдік айқындылық, композиция техникасын меңгеру, колористикалық шешім, эстетикалық құндылығы.
Қорыта келе 1 орын иегерлері болып келесі адамдар марапатталды:
- Жәйірбек Қайрат;
- Смағұлова Ақтоты;
- Қабдеш Шалқар;
- Айтуарова Людмила;
- Смағұлов Асқар;
- Асқарова Гүлбарам;
- Баймуханов Қуандық.
2 орын иегерлері:
- Бейсенбаев Дәурен;
- Есімов Еркінбек;
- Алпысбаева Толғанай;
- Қабылжапаров Мейірбек.
3 орын иегерлері:
- Жұмағат Фариза;
- Байғожанов Әліби;
- Камалова Дана;
- Қожантаев Төленді.
Президенттік орталықта ұйымдастырылатын көрмеде бейнелеу өнерінің түрлері мен орындау техникасы бойынша: кескіндеме, графика, мүсін, сәндік-қолданбалы өнер туындыларының әр түрінен барлығы 70-тен астам жұмыс ұсынылды. Авторлар өз туындыларында қоршаған әлемге деген көзқарасын бейнелеп, елге, отбасына, халықтың мәдениеті мен салт-дәстүріне деген сүйіспеншілігі туралы әңгімелейді.
Көрме Астана қ., Ә. Бөкейхан көшесі, 1а. мекен-жайы бойынша 2024 жылдың 25 қаңтарына дейін жалғасады.