• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Қоғам

Қожағапар ауылында жаңа мектеп қашан салынады?

Жамбыл облысы, Талас ауданы Қожағапар ауылындағы мектепте бүгінде 67 оқушы бар. Мектеп ғимараты 1954 жылы салынған. 70 жылдық тарихы бар ескі мектепте спортзал жоқ. Асханасы бейімделген.

by Jasyn
06/07/2024
in Қоғам
0
Қожағапар ауылында жаңа мектеп қашан салынады?
0
SHARES
65
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жамбыл облыстық мәслихатының кезекті XV сесиясында депутат Жұмахан Танкебаев Қожағапар ауылынан 50 орындық мектеп салу жобасы қашан қолға алынатынын сұрады.

— Биылғы жылы бұл мектепке берілген лицензия уақыты бітеді. Яғни, қайтадан аттестациялау керек, — дейді депутат Жұмахан Мұқашұлы. — Ал, дәл осы күйімен мектеп қайтадан лицензияға қол жеткізе ала ма? Ала алмаса мектептің жабылып қалу қаупі бар. Бұған дейін Қожағапар ауылының ауызсуына қаржы бөлінді. 500 млн теңгеге қазір ауылға ауыз су тартылып жатыр. Газ тартуға қаржы қарастырылуда. Амбулатория салынды. Енді мектеп салу үшін жобалық-сметалық құжаттар жасауға қаржы бөлуге ұсыныс берілген. Бірақ қолдау таппай тұр. Негізі AMANAT партиясының сайлауалды бағдарламасында бұл ауылдан мектеп 2024 жылы салу жоспарланған еді.

Бұл мәселеге байланысты Жамбыл облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Сандуғаш Абдралиева жауап берді.

— Бюджеттік жоспарлауда басымдық деген ұғым бар, — дейді Сандуғаш Ермаханқызы. — Әр мәселе кезең-кезеңімен шешіледі. 2024 жылы 19 мектептің құрылысына жобалық сметалық (ЖСҚ) құжат әзірленуде. Облыстық бюджеттен 293 млн теңге бөлінген. Егер бір жылда барлық ЖСҚ дайындауға қаржы бөлетін болсақ олардың көбісі күйіп кетер еді. Иә, AMANAT партиясының сайлауалды бағдарламасында бұл мектеп бар. Оны да айта кетейін. 2024 жылы біраз мектептерге қаржы республикадан бөлінуі керек еді. Алайда республикалық бюджетте қаржы тапшылығы орын алып, трансферттерден қаржы толық түспегендіктен көптеген құрылыстарды облыстық бюджеттен шешуге тура келіп тұр. Егер қаражат республикадан бөлінген кезде басқа мектептердің құрылысына қаржы бөлуге мүмкіндік болар еді. Сондықтан ең алдымен жоғарыда айтқан 19 жобаны жүзеге асыруға күш саламыз. Одан артылған қаржы басқа мектептерге ЖСҚ дайындауға жұмсалады.

Естеріңізге сала кетейік, Жамбыл облыстық мәслихатының XV сесиясында 2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджетке өзгерістер енгізілді.

 

Tags: депутат Жұмахан МұқашұлыЖамбыл облысы Талас ауданыҚожағапар ауылындағы мектеп
Jasyn

Jasyn

Next Post
Жамбыл облысында 5 айда айыппұлға байланысты 3,5 млрд теңге түсті

Жамбыл облысында 5 айда айыппұлға байланысты 3,5 млрд теңге түсті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Алик Шпекбаев қызметінен босатылды

Алик Шпекбаев қызметінен босатылды

4 года ago
Ауызашар

Ауызашар

1 год ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In