Целиноград ауданы Қоянды ауылында су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасуда.
«27 наурыз сағат 06:00 жағдай бойынша 80 мың текше метр еріген су тартылды.
Ақмола облысы мен Астана қаласы ТЖД және ЖАО 17 бірлік техникасы, 76 адамы және 18 мотопомпасы жұмылдырылды. Жағдай қалыпты», – деді Ақмола облысы ТЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы Қанат Доспаев.