Қостанай облысының криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері арнайы операция жүргізді.
23 маусымда Алтынсарин ауданында екі «Газель» көлігін ұстады. Көліктерде ұрланған мал болды.
Криминалдық полиция басқармасының бастығы Ербол Қайырбековтың айтуынша, Қостайнай облысында мал ұрлығымен айналысатын арнайы қылмыс топтар құрылды.
Соның нәтижесінде жыл басынан бері облыстың Амангелді, Қостанай және Қарасу аудандарында мал ұрлығымен айналысқан төрт қылмыстық топ құрықталды. Олар 70-тен астам мал ұрлаған.
Кейін, облыстың басқа аудандарының аумағында ұрланған 40-тан астам ірі қара мал мен үш қару (мылтық және тегіс ұңғылы) алынды. Қазір алты күдікті ұсталды — Қостанай облысының тұрғындары.
Қостанай облысы бойынша Криминалдық полиция басқармасының бастығы Ербол Қайырбеков